|    |  
13 қараша 2019
02:11
қаз
Вирус пен суық тиюге қарсы ең қажетті дәрумендер
03 қазан 2017, 11:56 60
  
 
А дәрумені
 
Бұл дәрумен жетіспеген кезде көру қабілеті нашарлап, иммунитет төмендейді. Бұл мәселені шешу үшін майлы балық, сүт өнімдері мен асқабақ, сәбіз, алма, қызанақ тұтыну қажет.
 
В дәрумені

 
В дәрумені жетіспесе тері тітіркеніп, дерматитке шалдықтырады. Ұйқысыздық пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ глаукома қатері артуы ықтимал. Бұның алдын алу үшін ет, жаңғақ, балық, сүт өнімдерін, орамжапырақ, қарақұмық, картоп, сельдерей жеңіз.
  
С дәрумені
 
Бұл дәрумен ағзаның қорғаныс функцияларын арттырады. Егер жиі бозарып, теріңіз құрғап, аяқ-қолыңыз ауыратын болса сізге С дәрумені жетіспей жүр деген сөз. Ол үшін бұрыш, цитрус, қарақат, шие, киви, алма жеңіз.
  
D дәрумені
 
Бұл дәрумен жетіспесе обыр дертіне шалдығуыңыз мүмкін. Сондай-ақ астма, күйзеліс, артрит аурулары асқынуы ықтимал. Сол себепті құрамында Д дәрумені бар тағамдарды күз бен қыста көбірек тұтыну қажет. Ол үшін балық, сүт өнімдері мен жұмыртқа тұтыныңыз.
 
Е дәрумені
 
Е дәрумені жетіспеген кезде шаш сиреп, шаршағандық пайда болады. Терінің қартаю процесі жылдамдайды. Пигменттік дақтар пайда болуы мүмкін. Ол үшн өсімдік майын, жаңғақ, жұмыртқа мен көкөніс пайдалану керек.
 
К дәрумені
 
Бұл дәрумен жетіспесе мұрыннан қан ағуы мүмкін. Асқазан мен ішкі тамырлардан қан кетуі ықтимал. Бұл дәруменнің орнын толтыру үшін көкөніс, жеміс-жидек пен салат тұтыну қажет.
 
Дереккөз: http://www.segodnya.ua
 


Жаңалықтар