23 Июль
00:37
Астана: 12 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 346.68
EUR/KZT: 404.02
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.15
Экономика
7 қаңтар 16:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Visa Bitcoin-ды қолдайтын банк карточкаларына қызмет көрсетуді тоқтатты



Банк карточкаларын пайдаланушыларға WaveCrest және басқа да компаниялардан дербес шоттарының жабылғаны туралы хабарлама келген

АҚШ биткоин айырбастауға салық салуды енгізіп жатқанда Bitcoin-ды қолдайтын дебеттік карталардың бірнеше провайдерлері күтпеген жерден клиенттерге қызмет көрсетуді тоқтатқан. Олардың қатарына Bitwala, Cryptopay, Wirex және TenX бар. Аталған провайдерлер қарапайым сауда орындарында биткоиндарды пайдалануға мүмкіндік берген болатын, деп хабарлайды CoinDesk.

Провайдерлердің мәлімдеуінше, мұндай қадамға баруларына Visa Europe төлем сервисі тарапынан жасалған әрекеттер себепші болған. Пайдаланушылар WaveCrest және басқа компаниялардан дербес шоттарының жабылғаны туралы хабарлама алғанымен, қаражаттары сақталып қалғанын мәлімдеді.
 
Visa Europe өз тарапынан аталған жайтқа WaveCrest-тің Visa мүшелігі қағидаларын бұзғаны себепші болғанын, алайда бұл криптовалютаға қарсы күрес болып табылмайтынын мәлімдеді.

WaveCrest мұның себебін өзінше түсіндіруде: «Өзгерістер күтпеген жерден орын алды, тіпті бізге өз клиенттерімізге хабарлап үлгеруге уақыт та берген жоқ. Бұл шешім Visa, сондай-ақ басқа да дәстүрлі қаржы корпорацияларының сенім білдірілген тұлғалары қарқындап өсіп келе жатқан криптоэкономикаға қызмет көрсеткісі келмейді».

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ЕО криптовалюталар нарығын реттеу туралы мәселені көтерген болатын. Айталық, Еуропалық комиссия ЕО-ның үш қаржы реттеушілерін ең танымал Bitcoin криптовалютасының тұрақсыздығын түзету үшін қаржы қағидаларын жедел жаңартуға шақырған болатын.
 

Дереккөзі: http://www.segodnya.ua
нравится:    72
Теги: Қаржы және экономика, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии