Спорт
25 тамыз 13:59
Владимир Седов сегіз жылға спорттан шеттетілді


2009 жылы Әлем чемпионы атанған қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов допинг қолданғаны үшін сегіз жылға спорттан шеттелді, деп хабарлайды rsport.ria.ru.

Седов 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында 85 келіге дейінгі салмақта төртінші орын алған. Алайда сынамаларды тексергеннен кейін оның нәтижесі есепке алынбады. Спортшының сынамасынан анаболикалық стероид станозолол табылған.

30 жастағы ауыр атлет 2016 жылдың 1 тамызынан бастап 2024 жылдың 1 тамызына дейін спорттан шеттетілді. 

Седов Әлем чемпионатында күміс және қола медаль алған болатын.

Комментарии




Яндекс.Метрика