15 Декабрь
14:16
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Авто
14 наурыз 16:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​«Вокорд-Циклоп» жылдамдық өлшеуіштерінің көмегімен 911 заң бұзушылық тіркелді


Елордада 21 «Вокорд-Циклоп» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен осы күнге дейін жол қозғалысы ережелерін бұзудың 911 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі.

Еске салайық, аталған құралдар 25 ақпанда қолданысқа енгізілді. Олардың ерекшелігі көлік жылдамдығын радарлық және/немесе оптикалық әдіспен анықтау болып табылады, бұл ретте сырттай жұмыс істеу белгілері білінбейді. Сонымен қатар, жаңа жылдамдық өлшеуіш құралдары түнгі уақытта мемлекеттік номерлерді көруге болатын арнайы ИҚ-прожекторлармен жабдықталған.

Жүргізушілерді ескерту мақсатында ақпараттандыру белгілері орнатылды.

Жыл басынан бері Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі көлікті дұрыс қоймағаны үшін 1000 астам жүргізушіге айыппұл салған. Көлік құралдарын тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 10-50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 

Дереккөзі: astana.gov.kz 
нравится:    643
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии