18 Декабрь
03:32
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Спорт
7 сәуір 15:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Вольфсбург» өз алаңында «Реалды» ұтты


Сәуірдің 6-нен 7-сіне қараған түні Еуропа чемпиондар лигасы 1/4 финалының кейінгі екі матчы ойналды. Мұнда немістің «Вольсбург» командасы атақты «Реалды» тізе бүктіріп, кішігірім сенсация жасады. Бұл туралы euro-football.ru сайты материалдарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Бас жаттықтырушы Дитер Хекинг бастаған неміс «қасқырлары» (вольф сөзі «қасқыр» деген ұғымды білдіреді) матч алдында барлық жағынан осы текетірестің аутсайдері саналған болатын. Ол бұдан бір жыл бұрынғы қалыптарынан да төмен еді. Дегенмен, аталмыш кездесуде алаң иелері алдын ала айтылған болжамдардың бәрін тас-талқан етіп, азулы қарсыласының қақпасына жауапсыз екі доп соға алды.

«Вольфсбург» (Вольфсбург, Германия) – «Реал» (Мадрид, Испания) 2:0 (2:0)

6 сәуір. Вольфсбург. «Фольксваген-Арена» стадионы.

Төрешілер: Рокки Джанлука, Эленито Ди Либераторе, Джанлука Карьолато (бәрі де – Италия).

«Вольфсбург»: Бенальо, Виейринья, Налдо, Данте, Родригес, Гилавоги, Густаво, Энрике (Трэш 80), Арнольд, Дракслер (Шафер 90), Шюррле (Крузе 85).

«Реал»: Навас, Данило, Пепе, Рамос, Марсело, Модрич (Иско 64), Касемиро, Кроос (Родригес 85), Бэйл, Бензема (Хесе 41), Роналду.

Голдар: Родригес 18 (пенальти), Арнольд 25.

Ескертулер: Виейринья 19 , Бенальо 53, Густаво 61, Арнольд 69 – Бэйл 69.

Ал Парижде жергілікті «Пари Сен-Жерменнің» қателігін пайдаланған «Манчестер Сити» кездесуде тең нәтижеге қол жеткізді. Дегенмен, матчта есепті бірінші болып ағылшындар ашып еді. Бірінші тайм бітуге саанулы минуттар қалғанда есепті теңгерген алаң иелері екінші таймда алға да шықты. Алайда, тайм ортасында қонақтар таразы басын теңестіріп кетті.

«Пари Сен-Жермен» (Париж, Франция) – «Манчестер Сити» 2:2 (1:1)

6 сәуір. Париж. «Парк де Пренс» стадионы.

Төрешілер: Мажич Милорад, Милован Ристич, Далибор Дурджевич (бәрі де – Сербия).

ПСЖ: Трапп, Силва, Орье (Ван дер Виль Грегори 78), Луис, Максвелл, Матуиди, Ди Мария, Мотта, Рабио (Лукас 78), Кавани, Ибрагимович.

«Манчестер Сити»: Харт, Клиши, Отаменди, Мангала, Санья, Де Брёйне (Делф 77), Навас, Фернандо, Фернандиньо, Сильва (Бони 88), Агуэро (Коларов 90)

Голдар: Де Брёйне 38, Ибрагимович 41, Рабио 59, Фернандиньо 72.

Ескертулер: Луис 1, Матуиди 48 – Клиши 11, Фернандо 36, Мангала 83, Навас 85.
нравится:    572
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии