20 Август
04:36
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
22 қыркүйек 10:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Volkswagen акциялары 23 пайызға құлдырады

Немістің Volkswagen концернінің акциялары 23 пайызға құлдырады. Оған өткен аптада шыққан жанжал түрткі болып отыр. Ол кезде көлік өндірушінің экологиялық қауіпсіздік сынақтарының нәтижелерін бұрмалағаны белгілі болды. Компания басшылығы ол үшін кешірім сұрап, ішкі тексеру жүргізетінін жария еткен. Айта кетейік, Volkswagen жарнама науқаны кезінде қоршаған ортаға зиянды газдардың аз шығарылатынын алға тартып келген болатын. Соның арқасында ол сатылым саны бойынша Toyota-дан басып озған еді. Мэттью Бизли, Henderson Global Investors компаниясының өкілі: - Volkswagen ірі көлемде айыппұл төлеуі ғажап емес. Өз кезегінде, бұл акция құнының төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Соңғы оқиға компания беделіне нұқсан келтірді. Инвесторларды осы жайт та алаңдатуда.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    648
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии