23 Август
12:19
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Авто
2 ақпан 15:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Washington Auto Show-2016: халыққа қолжетімді көліктер ұсынылуда
Бұл күндері АҚШ астанасында Washington Auto Show-2016 көлік көрмесі өтіп жатыр.



Жайдақ, жол талғамайтын спорттық және тарихи темір тұлпарлардың ең соңғы үлгілері жұрт назарында. Алты құрлыққа аты танымал автоалпауыттар болса жыл өткен сайын халыққа қолжетімді, ықшам әрі үнемді түрлерін ұсынуға тырысып бағуда. Тіпті үш дөңгелекті сондай электрокардың Вашингтон жолдарына шығатын күні алыс емес. Washington Auto Show-2016. Көлікқұмар халықтың көңілі кезекті рет АҚШ астанасындағы дәстүрлі көрмеге ауыды. Жыл сайын осы алаңда әлемнің алпауыт көлік өндірушілері пайдалы жарнамасын ұсынып, байсалды байламдарын жасасып жатады. Биыл да дәл солай. Көрмеге жаһанның 43 көлік компаниясы 700-ге жуық жаңа өнімін жайып салды.   Вашингтон көлік көрмесінің алды ұзын-сонар кезек. Көлік әлемінің биылғы жаңалығын құр жібермеуге асыққан халық билет ақылы болғанына қарамастан, анталап үсті-үстіне келіп жатты.

Вашингтонның әйгілі Детройт пен Нью-Йорк көрмелерінен өз айырмашылығы бар. Темір тұлпарлардың қарапайым жұрт еркін қол жеткізетін түрлерінен бастап, ауқатты таптың талғамына дейінгілерін осы арадан кезіктіресіз. Тіпті Toyota компаниясы ұсынған Toyota Mirai атты спорттық үлгідегі кербез көлік те Вашингтон көрмесінің көркін қыздырды. Аталған компанияның тіпті әлі қолданысқа беріліп үлгермеген I-Road деп аталатын бір кісілік көлігі АҚШ астанасының төрінен табылған. 

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    743
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии