24 Сентябрь
00:12
Астана: 1 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Спорт
11 қыркүйек 14:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

WBC чемпионы Головкинді Терминаторға теңеді
WBC нұсқасы бойынша алғашқы жоғары салмақтағы әлем чемпионы британдық боксшы Тони Белью (29-2-1, 19КО), Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Алварестің (49-1-1, 34 КО) жекпе жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлады Sports.kz.



-Головкин мықты, өте мықты – оған дауласа алмаймыз. Ол Терминатор сияқты алға жылжуда. Сонымен қатар Головкиннің техникасы мықты, өзгелер оның бұл қырын дұрыс бағалаулары керек. Геннадий еш күмәнсіз соққы жасайды.

«Канело» контрпанчтармен жауап беріп жүріп бұлтарғанды ұнатады. Осы қырынан ол қазіргі боксшылардың ішіндегі ең мықтысы деп айтуға болады. Сонымен қатар оның қорғанысы мықты және инсайдта жақсы жұмыс жасайды.

Соңында «Канело» Головкиннің соққысына шыдай алар ма екен? Егер шыдаса, ол ұпай санымен жеңіп кетуі мүмкін. Егер олай болмаса кездесу GGG жасаған нокаутпен аяқталатыны анық. Мен Головкиннен соңғы раундтарда нокаут күтемін. Егер «Канело» дауылға төтеп берсе, Головкин жылдамдығын күшейтеді, ал «Канело» қашатындардың қатарынан емес. Бұл шынымен де керемет бокс кеші болайын деп тұр. Алғашқы төрт раундта екеуі де өте сақ қимыл жасайды. Ары қарай сіздер стилистикалық тұрғыда «Канелоның» әдемі боксын көресіздер, жаңа айтып кеткенімдей, егер ол Головкиннің соққысына шыдап бере алса ғана», - деді Белью.

Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні (Астана уақытымен 17 қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегаста болады. 1XBET букмекерлік кеңсесі жекпе-жекке келесі коэфиценттерді ұсынып отыр: Головкиннің жеңісі — 1.63, Альварестің жеңісі — 2.575, тең ойын — 24.

Дереккөз: sports.kz

 
нравится:    24
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии