Әлем жаңалықтары
8 сәуір 17:27
WhatsApp-тың осал тұсы табылды



WhatsApp мессенджерінің топтық чаттарының осал тұсы табылды. Топтағы кез-келген қатысушы өзге қатысушылардың аккаунтын бұзбастан, олар туралы жеке мәлімет ала алады. Бұл туралы Лозанна Федералды политехникалық мектебінің  зерттеуіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Швейцарияда ғалымдар жарты жыл бойы мессенджердегі чатқа қосылып, осы уақыт ішінде 178 көпшілікке арналған топтан 45 мың қатысушы туралы ақпарат алған. Тәжірибеге қатысушылар топтағы контактілердің нөмірлерін, олардың арнайы скриптер арқылы жолдаған файл және сілтемеконтактілердің нөмірлерін, олардың арнайы скриптер арқылы жолдаған файл және сілтемеконтактілердің нөмірлеріне, олардың арнайы скриптер арқылы жолдаған файл және сілтемелеріне қол жеткізген.

Мамандардың айтуынша, мұндай әрекет көпшілікке арналған чатқа қосылғаннан кейін мүмкін болады. Чатқа қосылғаннан кейін, смартфонға көптеген хабарлама түсіп, ол мессенджердің жергілікті базасында сақталады. Зерттеушілер дәл осы мәліметтердің шифрын ашқан екен.

Зерттеушілер жобаның қорытындысында WhatsApp мессенджерінің қолданушыларының жеке мәліметтеріне қатысты осал тұсы Facebook желісінен кем түспейтінін айтты.

 

Комментарии




Яндекс.Метрика