19 Октябрь
03:53
Астана: 5 °C
Алматы: 5 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
1 маусым 15:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Яхтада жұмыс істейтін стюардесса шәй-пұлға 4500 доллар алған

Қымбат яхтаның стюардессасы өзінің жұмысы туралы айтып берді. Осы жұмыста үш жылдан бері істеп келе жатқан британиялық Бетани Силкокс жолаушылардың оған шәй-пұл деп ірі-ірі ақшаларды қыстырып кететінін жасырмайды.

Силкокстың сөзінше ең рекордтық сомасы – 4000 евроны ол VIP-тұтынушыдан алыпты. Ол кезде кеменің бортында 36 адам ғана болған. Жолаушылар жалпы саны 144 мың евро қалдырып кеткен. Екі апта жүзуден соң Силкокстың құрбысының біріне де клиенттер 17 мың евро қалдырған.


Ол сондай-ақ, төрт түрлі яхтада істеп, Таяу Шығыстағы король отбасына және ресейлік олигархтарға да қызмет көрсеткенін айтты. Ол кеме бортынан Монако князі Альбер II, Уилл Смит пен Антонио Бандерас секілді актерлерді де кезіктірген. Суперяхталарда 500 адам қонақ болатын көңілді кештер де ұйымдастырылады екен.

Силкокс қызмет көрсететін чартерлік яхтаның жалға алу құны 895 мың евродан асып түседі.

Ал австралиялық стюардесса Сара Бегби суперяхтада бір жарым жылдан бері істеп келеді. Ол айына шамамен 2,9 мың евродай ақша түсіреді әрі клиенттер қымбат заттай сыйлықтар да беріп кетеді екен. Мәселен, Armani сағатын туған күніне алған.

Stan.kz
нравится:    658
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии