13 Декабрь
03:51
Астана: -25 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
30 маусым 10:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Якутияның кино әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған қазақ қызы

Атағы Саха еліне кеңінен танылған қазақ қызы Яна Байғожаеваны екінің бірі біле бермес. Ол – Якутияның кино әлеміне өзіндік қолтаңбасын қалдырған танымал продюсер, ақын, журналист және қоғам қайраткері.

Яна Алматы облысы, Қап­шағай қаласында 1977 жылы туған екен. Оның балалық шағы Саха Республикасының Бейдинге ауы­лында өткен. Жастайынан қара сөздің қадірін ұғып, айтар сөзін жырмен жеткізе білген ақынның 1995 жылы алғашқы жыр жинағы, ал 2003 жылы «Менің өткенімнің ұзақ жаңғырығы» деген атаумен тағы бір кітабы басылып шыққан.

Бүгінгі таңда қандасымыз саха және орыс тілдерінде еркін жазатын ақын. Ол – Ресейдің жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, түрлі жас жа­зушылар байқауының жеңім­пазы.

Таяуда Яна Ерболатқызының «Муммуттар» («Адасқандар») атты көркем фильмінің премье­расы Қазақстандағы барлық кинотеатрларда болып өтті. Оның продюсерлігімен түсірілген кинотуынды өмірден алынған оқиға желісінен өрбіген. Екі жігіттің тайга орманында адасып, тірі қалу жолындағы тіршілігі суреттелген. Шынайылығы басым. Ит тұмсығы батпайтын орманның ирелең жолынан өздері адасқан із кесушілер жігіттерді ақырында «өлдіге» санайды. Алайда, араға ай салып барып екеуі елге жетеді…


Міне, осындай шым-шыты­рыққа толы фильм әп-сәтте Яна­ның атағын алты қырдан асырып, танымал етті. Бұл туынды халықаралық кино байқауында қазылардың көңілінен шығып, жүлдегер атанды.

Бүгінде Саха елінің саңлағы атанған қазақтың аруын көпшілі­гіміз біле бермейміз. Сондықтан да, алыстағы ағайынды сіздерге таныстыру, жетістігін алқалап жеткізу – негізгі мақсатымыз. Олай болса, кіндік қаны Қапшағайда тамған қыздарыңыздың тілекшісі болыңыздар!

baq.kz
нравится:    838
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии