22 Август
03:47
Астана: 9 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
5 қазан 11:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Йемендегі аштық жүздеген баланың өміріне қауіп төндіріп тұр

 
Йемен ауруханаларында жүздеген бала өмір үшін күресіп жатыр. Бірнеше айға созылған азаматтық соғыс соңы аштыққа ұласқан. Қазір Йемендегі 28 миллион адамға ас-ауқат жетіспейді.

Көп зардап шегіп отырғаны балалар. 370 000 бала ішер асқа жарымайды. Бұл балалардың иммундық жүйесін әлсіретіп, түрлі ауруларға шалдықтыруда. Йемен ауруханаларына аштықтан зардап шегіп түсетін балалар саны сәуірде 10-20 болса, қазір айына 120 бала түседі.

Азық-түліктің жетіспеуі ұзақ уақыттан бері созылып келе жатқан мәселе. Бірақ соңғы айларды тіпті күрделене түскен. Теңіз жолының жабылуы себебінен азық-түлік жеткізу шектелген. 
 
 
                Суреттегі алты жастағы Салем Иссаның қазір ас ішуге шамасы келмей қалған.
 
Сарапшылар елде аштықтың белең алуын қаржылық жағдайдың жақсартып, жедел көмек көрсету арқылы ғана тоқтатуға болады дейді.
 
Дереккөз: www.theguardian.com
нравится:    969
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии