|    |  
20 қазан 2019
16:20
қаз
YouTube биылғы жаздың ең танымал бейнебаяндарын көрсетті
08 қыркүйек 2017, 11:07 37
YouTube желісінде жаздың ең танымал бейнебаяндарының рейтингі жарияланды деп хабарлады Лента.ру видеохостингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Ең көп қаралған жеңімпаз Луис Фонсидің  Despacito әніне жасалған бейнеролигі болды. 



Жарияланған уақыттан бастап видеоролик 3,6 млрд рет қаралып әлемдік рекорд орнатты. Ал Despacito барлық стримингтік жүйелердегі ең танымал ән деп танылды.



Рейтингтегі екінші орынды Эд Ширанның Shape of You туындысы алды. Үздік үштікті поп-әнші Малумның Felices los 4 атты әніне түсірілген бейнебаян толықтырып тұр. 



Сонымен қатар, алғашқы ондыққа музыканттар Уилли Уильям мен Джей Бальвиннің Mi Gente, Clean Bandit британдық электронды тобының Rockabye, Джейсон Деруло мен Ники Минаж есімді әртістердің Swalla, Шакираның Chantaje, Крис Джедайдың Ahora Dice, пуэрторикалық рэп орындаушысы Wisin (Хуан Лун) Escápate Conmigo және DJ Khaled, Джастин Бибер, Лил Уэйн және Chance the Rapper орындауындағы I'm the One бейнебаяндары енген. 


 


Жаңалықтар