26 Сентябрь
09:40
Астана: 2 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Әлем жаңалықтары
27 маусым 16:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

YouTube және Facebook экстремистік бейнежазбаны автоматты түрде бұғаттай бастады



Әлемдік ірі YouTube бейнехостинг мен Facebook әлеуметтік желісі эстремистік бейнежазбаларды бұғаттаудың автоматты жүйесін қолдануды бастады, деп хабарлады РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің атап өтуінше, автоматты жүйе «Ислам мемлекеті» тобының лаңкестері жүктейтін насихаттық бейнежазбаларды немесе басқа да осындай материалдарды тез бұғаттайды. 
Бұл технология әуелде авторлық құқықпен қорғалған контентті іздеу немесе жою үшін жасалған болатын. Жүйе файл хешін іздейді, ол интернет-компанияның тиісті хешін ішіндегі файлдарымен қоса автоматты түрде жоя алады.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, оны жасаушылар бұғаттаудың автоматты жүйесін өткен аптада ірі интернет-компанияларға таныстырған. 
 
 
нравится:    775
Теги: Главная, Әлеуметтік желі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии