18 Октябрь
09:32
Астана: 9 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
29 маусым 10:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ыстамбұл халықаралық әуежайында екі дүркін жарылыс болды

Ыстамбұлдың халықаралық әуежайында екі дүркін жарылыс болды.

Ататүрік атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан, соңғы мәліметтерге қарағанда, 32 адам қаза тауып, 60 адам жарақаттанды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған мұны теракт деп атап, қасиетті Рамазан айында бейкүнә адамдарды өлтірген қаскөйлердің іс-әрекетін сынға алды. Ердоған халықаралық қоғамдастықты терроризммен күресуді күшейтуге шақырды.

Сейсенбі күні кешке Ыстамбұлда Ататүрік атындағы халықаралық әуежайда жарылыстар мен атыстар болды.
Түркияның әділет минстрі Бекир Боздагтың сөзіне қарағанда, мұны үш жанкешті жасаған.  
Шабуылшылардың бірі Калашников автоматымен күзетшілерге оқ жаудырды, деді Боздаг.



Өзге мәліметтерге қарағанда, шабуылшылар автоматтармен оқ жаудырып, кейін өз өзін жарған.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қаскөйлердің бірі әуежайдың кіреберісінде орналасқан металл іздейтін жабдықтың қасында шоғырланған адамдардың арасында тұрып жарылғыш затын іске қосқан.



Ғаламтор желісінде Ыстамбұл әуежайына шабуыл жасаған террористердің бірі көрсетілген видео пайда болды. Кадрда оның жарылғыш құралды қалай іске қосқаны көрсетілген, дейді РБК.
Сондай-ақ Twitter әлеуметтік желісінде Ыстамбұлдағы халықаралық Ататүрік әуежайында болған жарылыстың видосы жарияланған.
Видеожазбада террористің жарылғыш құралды жерде жатып іске қосқаны, бұған дейін оны әуежайда қызмет ететін ер адамның тоқтатпақ болғаны байқалады.

Бұның алдында ғаламторда жарылыс сәті бейнеленген видеоның компьютерден көрсетілуі жарияланған еді. Кадрдан жарылыстың қалай басталғанын көруге болады, тарс-тұрс дыбыс естіліп, жарылыс ошағына жақын тұрған адамдардың қалай қашқандары көрсетілген.  

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандардың және жапа шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы  Әнуар Жайнақов хабарлады.

Жарылыстан кейін Ыстамбұл халықаралық әуежайынан ұшырылады деп жоспарланған барлық рейстер кейінге шегерілді. Жолаушыларды қонақ үйлерге жайғастырып жатыр.
Әзірге бұл қылмысты ешкім мойнына алмады. Бірақ  Dogan түрік агенттігінің дереккөзі жарылысты «Ислам мемлекетінің» ұйымдастырғанын жеткізді.

Өткен жылы Ататүрік әуежайы келушілердің саны бойынша Еуропада үш үздікке енген.  
2015 жылы оның қызметін  61 млн-нан астам адам пайдаланды.  


Дереккөзі:​ ҚазАқпарат
 
нравится:    593
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии