17 Декабрь
10:10
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
5 наурыз 11:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Юань ресми түрде халықаралық резервті валюта деп танылды


Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қытайлық юаньді ресми түрде халықаралық резервті валюта деп таныды. Бұл туралы Қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылды.
Аталып өтілгендей, юаньды халықаралық резервті валюта ретінде мойындауына байланысты ұйымның директорлар кеңесі оны ХВҚ мүше елдердің валюталық резервтердің құрамы туралы тоқсандық есептерге АҚШ доллары, еуро, жапон иенасы, британдық фунт стерлинг, швейцариялық франк, австралиялық доллар және канадалық доллармен қатар жеке жолмен қосу шешімін қабылдады, деп жазды ТАСС.
Аталып өтілгендей, ҚХР валюталық резервтерін бағалауда бұл өзгеріс әсер етпейді. Өйткені «Қытай Халық банкінің юань валютасындағы активтері шетелдік валюта резерві болып табылмайды» және ХВҚ-ның салалық есебінде ескерілмейді.  
Шешім 2016 жылы 1 қазанда күшіне кіреді. Юань доллар, евро, британдық фунт стерлинг және жапон иенімен бірге резервті валюта қоржынына енеді.  
 

 
нравится:    837
Теги: Әлем экономикасы,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии