19 Июнь
04:37
Астана: 14 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 338.78
EUR/KZT: 392.82
RUB/KZT: 5.35
CNY/KZT: 52.62
Мәдениет
22 ақпан 16:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Заманауи жырау – Жан Ахмадиевтің жаңа бейнебаяны елді жылатты



«Қазақпыз ғой...» атты бейнебаяндар жиынтығымен белгілі Жан Ахмадиев өзінің шығармашылығымен елді таңдандыруды тоқтатар емес.

Осыдан бірер күн бұрын YouTube видеохостингіндегі ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ!!!  арнасында Жан Ахмадиевтің жас талант Нұрғали Нұрисламмен бірге орындаған «Тірі жетім» әніне түсірілген бейнебаян жарияланды.

Қоғамдағы әлеуметтік тақырыпты қозғайтын бейнебаянның сюжеті әннің сөзіне лайықты түсірілгендіктен, бұқара халыққа қатты ой салады.

Туындының негізгі идеясы әке мен баланың арасындағы диалог ретінде берілген. Отбасын тастап, алдамшы ләззат үшін басқа қатынның артынан кеткен әке баласының алдында ақталуға тырысады. Алайда, баласы «тірі жетім» атандырған әкесіне өткір сөздер айтып, арзан сезімге алданып, көзін шел қаптаған әкеге отбасылық өмірдің құндылықтарын сақтап қалуға - отбасына қайта оралуға кеңес береді.

«Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған» демекші, ӘКЕЛЕР, ОЙЛАНАЙЫҚ!


 
Сөзін жазған: Жан Ахмадиев, әні: Серік Закария
Режиссер: Мұхит Дүйсенбиев
Оператор: Жанболат Еділбаев


reactor.inform.kz

 
нравится:    609
Теги: Музыка, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии