15 Декабрь
10:37
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Спорт
5 қаңтар 15:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ЗАРИНА ДИЯС ҚЫТАЙДАҒЫ ТУРНИРДІҢ БІРІНШІ МАТЧЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан WTA сериясының турниріндегі бірінші ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алғашқы кездесуін Дияс қытайлық тенисші Кай-Линь Чжанмен өткізіп, 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Кездесу бір жарым сағатқа созылды. Айта кетейік, бұл қос спортшының мансабындағы бірі-бірімен алғашқы кездесуі. Қазіргі таңда 22 жастағы Дияс әлемнің 52-ракеткасы, ал 25 жастағы Чжан WTA рейтингінде 140-орында.

Турнирді 7 номермен бастаған қазақстандық тенисшінің келесі қарсыласы, румыниялық Андрей Мутин мен Чех тенисшісі Катержин Синякова арсындағы ойынның жеңімпазы болады.

Шэньчжэндегі турнир хардтық кортта өтіп жатыр. 2013 жылы турнир WTA дәрежесін алды, ал оның сыйақы мөлшері 500 000 долларды құрайды. Оған 32 тенисші қатысады. Оның қазіргі жеңімпазы — румыниялық Симона Халеп.

baistars.kz
нравится:    705
Теги: Біздің мақтанышымыз,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии