21 Сентябрь
05:49
Астана: 15 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Спорт
10 тамыз 16:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ЗАРИНА ДИЯС ВАШИНГТОНДАҒЫ ТУРНИРДЕ ҚАРСЫЛАСЫМЕН КЕЗДЕСУДЕН БАС ТАРТТЫ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Citi Open турнирін ерте аяқтады.

АҚШ астанасында жүлде қоры 227 мың АҚШ долларын құрайтын Citi Open турнирі өтіп жатыр. Бұл жарысқа Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс та қатысқан болатын. «Уимблдоннан» кейін аздаған уақыт демалыс алған жерлесіміз бұл жолы турнирмен ерте қоштасты.

Жарыстың алғашқы кезеңінде әлемнің 85-ші ракеткасы Лаурен Дэвиспен кездесті. Бірінші сетте 7:5 есебімен АҚШ теннисшісі жеңіске жетті. Ал екінші кезеңде Лаурен бір брейк жасап алға шыққан болатын. Осы кезде З. Дияс кездесуден бас тартты. Оған себеп жарақат болып отыр.

Дэвис енді екінші айналымда румын қызы Моника Никулескумен кездеседі. Бұл турнирге Заринадан бөлек, Юлия Путинцева да қатысып жатыр. Ол алғашқы айналымда Куруми Нараны үш сетте жеңді.

Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    757
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии