23 Апрель
13:32
Астана: 14 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 326.17
EUR/KZT: 401.25
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.84
Әлем жаңалықтары
7 қаңтар 18:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Зерттеу: адамдар түс көріп жатып неге сөйлейді?


Француз сомнологтары ұйықтап жатқан адамдардың айтқан сөздерінің мағынасына зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Live Science.

Нәтижесінде ұйқыдағы адам сөйлеген сәтінде қарапайым сөйлеу тілімен салыстырғанда жағымсыз сөздерді көп қолданатыны анықталды: соның ішінде «жоқ» деген сөзді төрт есе артық айтады және 800 есе балағаттайды.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін зерттеушілер 230 еріктіні ұйқы зертханасында бақылап, шамамен 900 жуық сөйлеген кездерінің үзінділерін таспаға жазып алған. Содан кейін осы үзінділерді жинақтап, французша ауызекі тілдің үлгілерімен салыстырған.

Зерттеуге қатысушылардың басым бөлігінде ұйқының бұзылғандығы байқалды. Олардың түнгі ұйқы кезінде айтқан сөздерінің 59%-ын анықтау мүмкін болмаған – түсініксіз міңгірлеу, сыбырлау немесе күлкі. Түсінікті әрі анық айтылған сөздерді талқылағанда, олардың 24%-ы жағымсыз сөздерді, 22%-ы балағаттауды, 10%-ы «жоқ» деген сөзді құраған.

Колумбия университетінің докторы Карл Бэйзилдің пікірі бойынша, ұйықтап жатқан кезде сөйлеудің құрылымы бұрын ғалымдар ойлап жүргеннен аса күрделірек. Маман ұйқылы-ояу сөйлеу граммтикалық тұрғыдан дұрыс, ал бұл мидың ұйқының барлық сатысында белсенді жұмыс істейтіндігін куәландырады деп атап өтті.

Зерттеу қорытындылары адамның өңінде оларды жеңіл еңсеру үшін түсінде түрлі келеңсіз жайттарға ұшырайтын «қауіпті сылтаурату» териясына келіп саяды, яғни адамның түсінде көретін сұмдық оқиғалары – оның өңінде қиындықты жеңуге деген алдын ала қамданып, жаттығуы.


Дереккөзі: НОЖ 
 
нравится:    369
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии