|    |  
20 қараша 2018
22:45
қаз
ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА «ШАНШАР» ТЕАТРЫН ҚАТАҢ СЫНҒА АЛДЫ
01 наурыз, 15:55 5874

Атақты Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Шаншар» әзіл-сықақ театрының басшыларын қатаң сынады, деп хабарлайды Baistars.kz.

Зейнеп Ахметова ең алдымен әзіл-сықақ театры мен кинолардағы әйел рөлін сомдайтын актерлерді сынады. «Айта-айта шаршадым, бірақ тағы айтамын» — деп бастады сөзін тәлімгер-жазушы. «Теледидарды қосып қалсам «Шаншардың» көрінісі болып жатыр. Бір кемпір сөйлеп жатыр, ол кемпір емес, жігіт екен. Байқайсыздар ма, біздің қазақтың жігіттері қатын болуға әуес болып алды? Іштерінде бірдеңе түртіп тұрады, солардың бір бәлесі бар. Әйтпесе дардай ер азамат неменеге сонша әйел болуға тырысады? Басына орамал салып, үстіне көйлек киіп… Әйелдердің рөлін сомдайтын әйелдер, келіншектер құрып қалды ма? Үп-үлкен ер-азаматтар әйел болуға құмар болады да тұрады. Ырбыңдайды да тұрады. Соны керемет келістіріп те жатқан жоқ» — деді тәлімгер-жазушы.

Содан кейін «Шаншар» театры қойған бір көрініс қазаққа жат екенін айтты. «Бір шалдың үш келіні сахнаға атып шығады. Бір келін қайын атасын мойнына міңгізіп алған. Екі келіні қасында үшеуі шауып келе жатыр. Сөйтсе шалдың туған күні екен, соған сюрприз жасағандары. О, заманда, бұ заман, келіннің мойнына мінген қазақтың шалын көрдіңдер ме? Оқымаған, сұмырай шалдың көрдіңіздер ме? Жоқ! Сұмырай шалдың өзі келіннің мойнына отырмайды. Қазақтың келіні қайын атасының кебісіне аяқ сұқпаған, ененің төсегіне отырмаған. Ата-ененің алдынан кесіп өтпеген» — деп ашынды атақты келін.

Зейнеп Ахметова бұдан соң театрдың басшыларын қатаң сынға алды. «Соны көрген кішкентай қыздар қалай қабылайды? Дүниенің бәрін білетін Уәлибек Әбдірайымов соған келгенде неге білмей қалды? Немесе Жүсіп, сақалы аузына түскен еркек, немере сүйіп отырған. Солар неге айтпайды? Мынау біздің салтымызға оғаш нәрсе деп. Мынау қазаққа қиянат, болмайды, басқаша күлдірейік. Ит болып үрейік, шошқа болып қорсылдайық, бірақ мынаны істемейік деуге болады ғой. Намыс жоқ! Намысымызды жоғалтып барамыз. Намыс жоқ жерде ұлттық қасиеттеріміз де жоғалады!» — деді Ахметова.



baistars.kz
Теги: Главная
Жаңалықтар