|    |  
18 қыркүйек 2019
05:54
қаз
Зейнеткер екі бөлмелі пәтерінде 500 астам егеуқұйрық асыраған
29 тамыз 2019, 15:26 161
Подмосковьеде зейнеткер екі бөлмелі үйінде 500-ден астам егеуқұйрық ұстаған. Ол оларды тамақтандыра алмаған.


 
Ашыққан егеуқұйрықтар іліккен тамақты жеп, сымдарды, еденді кеміріп тастаған. Оларды көрші үйге келген сантехник көрген. Көршісі үйіне су кеткен соң сантехник шақырған. Ол полицияға хабар берген.  400 жуық егеуқұйрықты еріктілер ұстаған. Олардың арасында сирек кездесетін егеуқұйрықтар да бар.
 
Зейнеткер психологиялық ауруға шалдыққан. Қазір қария ауруханаға емге жатқызылған.



Дереккөз: Life


Жаңалықтар