24 Август
01:12
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
1 шілде 12:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жабайы піл марафоншы желаяққа шабуыл жасады


Зимбабведе Виктория сарқырамасы марафонын ұйымдастыру кезінде күтпеген оқиға орын алды: жабайы піл өзі мекендейтін аумақтан желаяқтардың жүгіріп өткеніне наразылық білдірді, деп хабарлайды UPI.
 
Алып жануар жарыс өткізіліп жатқан жолға шығып, оны жауап қана қоймай, спортшылардың біріне тап берді.
 
Марафонды күтпеген жерден шыға келген жануардан қорқып, жылдамдығын арттыруға тырысты, алайда оның аяғы шалынып, жерге құлап түсті.
 
Оның бағына қарай, піл өзінің шабуылын аяғына дейін жеткізбей, кері бұрылып, жолдың жиегіндегі қалың ағаштар ішіне өз жөнімен кете барды.
 
Осыдан кейін желаяқ орнынан тұрып, жарыс жолын одан әрі жалғастырды.

 


Биыл Виктория сарқырамасы марафоны 10 рет өткізіліп отыр. Оған әлемнің АҚШ, Франция, Қытай, Бразилия және Польша секілді елдерінен 2,5 мыңға жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады.
 
Оның бағыты Зимбабве және Замбия аумақтары арқылы Замбези өзенін Виктория сарқырамасы тұсынан кесіп өтеді.
 

Дереккөзі: comments.ua
 
нравится:    110
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии