23 Август
17:59
Астана: 28 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
9 қараша 12:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жадо: «Жолдасымның тоқалы мен екі баласы бар. Тоқалын сыйлаймын, өйткені өзім рұқсат бергенмін» (ВИДЕО)

 
Белгілі сәнгер Жадо бұл туралы 31-арнаның Салтанат Қалиева жүргізетін «Ұят емес» бағдарламасында айтты. Тек бұл ғана емес, өмірінің талай сырымен бөліскен екен. Тыңдап отырым жанымыз түршікті.
 
Алғашқы көйлегін пердеден тіккен сәнгердің қазіргі көйлектері кем дегенде 100 доллар тұрады екен. Арманына жету үшін балалық шағын құрбан ол кезінде қоюшы хареограф болған.
 
«Мен Жадыра Сахиева билеп жүріп, костюм тігіп жүріп, дизайнер болдым. 90 жылдар қиын болды. Он жасымда биден сабақ бердім. 11-12 жасымда менде 700 шәкірт бар еді. Сол бидің арқасында 12 жасымда әке-шешеме пәтер сыйладым. Он жасымда билеп жүрген кезде мектептегі оқушылардың ата-аналары: «Сіз бишісіз ғой, би үйретесіз ғой. Біздің баламызды баулыңыз»-деп өздері ұсыныс жасады. Мен сабақ беруді солай бастадым. Бірінші сыныпта оқитын он бүлдіршіннен бастадым. Айына бір бала үш жүз теңге беретін.  Сонда 700 баладан қаншама ақша алатынмын. Бірақ менің киімім үнемі жыртық болатын. Өйткені бір киімді үш жыл киетінмін. Аяқ киім мен шұлыққа жарыған жоқпын. Жыртылып қалады, шұлығымды жамап, аяқ киімімді тігіп алатынмын. Үнемі аяғымнан суық өтеді. Сонда да мен үнемдейтінмін. Неге екенін білмеймін. Ата-анамның жағдайы болса да ол кісілер маған қатыгез болды. Соның себебін өзім түсінбеймін»-дейді өзі.
 
 «Мектепте атаман болдым. Өзім бесінші сыныпта оқып жүріп, 7-8 сыныптардың оқушыларын қорғап жүретінмін. Сол әдетім әлі күнге бар. Бір рет жолдасым екеуміз төбелесіп, ол кісі менен жеңіліп қалған. Келін болып түсердің алдында, отбасымен танысуға барғанда алып ұрғанмын. Бірақ кейін тіл табыстық. Қазір жолдасымның басқа қалада тоқалы бар. Өзім рұқсат бердім. Араласып тұрамыз. Тоқалын сыйлаймын. Мен жолдасымды жақсы көргеннен кейін осындай қадамға барып отырмын»-деген сәнгерді өлтіру үшін де дуалағандар болыпты.
 

KazPro Media / Youtube




 
нравится:    2874
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии