|    |  
25 сәуір 2019
07:19
қаз
Жағымсыз иістен қалай құтылуға болады?
27 ақпан 2019, 09:45 20
Ішімдіктің, темекінің, жуа мен сарымсақтың иісінен оңай әрі тез құтылуға болады. Ол үшін төмендегі кеңестерге мұқият назар аударыңыз. 



1. Жағымсыз иістен арылғыңыз келсе, шикі алманы жиі жеңіз. 

2. Балғын аскөктен жасалған тұнба да аузыңызды жақсы тазалайды. 

3. Кептірілген балдыркөк, ақжелкен секілді көкөністерді тамырымен қоса жеп қойсаңыз, сарымсақ пен жуаның иісі тез кетеді. 

4. Арақ-шарап, жуа, сарымсақтан кейін жағымсыз иіс қалатыны сөзсіз. Бірақ оны жаңа қайнатылған қара шаймен кетіруге болады. 

5. Ауыз қуысының шырышты қабығының ауруларына шалдықсаңыз, дәрілік шөптерден жасалған тұнба немесе қайнатпа ішкеніңіз дұрыс. Мысалы: жалбыз, шатыраш, түймедақ, орман бүлдіргенінің жапырағы, шайқурай, қырмызы. Осы шөптердің бір ас қасығын 1 стақан қайнаған сумен араластырып, аузыңызды шайыңыз. Әсіресе тамақ ішіп болғаннан кейін істегеніңіз дұрыс. 

6. Егер жағымсыз иіс ас қорыту жүйесімен байланысты болса, онда белсендірілген көмірді бір таблеткадан күніне 3 рет ішіңіз. 

7. Бутерброд, шоколад жегеннен кейін аузыңызды шаюға мүмкіндігіңіз болмаса, өзіңізбен бірге міндетті түрде сағыз (қант қосылмаған) алып жүріңіз.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар