20 Август
07:59
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
13 қазан 09:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жаһандық жылыну АҚШ-ты танымастай өзгертеді
The Nature Conservancy халықаралық табиғатты қорғау орталығының мамандары жаһандық жылынудың АҚШ-қа айтарлықтай әсер етіп, аймақты танымастай өзгертуі мүмкін деген шешімге келді. Ғалымдардың пікірінше, ең сезінерлік өзгеріс әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуі болады.



Мамандардың болжамынша, мұхит суы 2,4 метрге дейін көтерілуі ықтимал. Бұл жағалаудағы аудандар тұрғындарының елдің ішіне қарай көшуіне соқтырып, қазіргі экожүйеге кері әсерін тигізеді, деп жазады epochtimes.ru.
Су басудан басқа, АҚШ-ты бұрын-соңды болмаған аптап ыстық күтіп отыр. Ғалымдардың пікірі бойынша, 100 жылдан кейін АҚШ-та қыста қар түсетін жерлер саны қысқарады.
Жаһандық жылынудың АҚШ-қа әсерін бағалау бойынша ұлттық бағдарламаға түрлі елдердің 300-ден астам сарапшысы қатысып отыр. Олар қалыптасқан экологиялық жағдайдан шығу жолын белсенді іздеуде. 

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    1234
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии