Әлем жаңалықтары
18 мамыр 16:34
Жалаң аяқ жүгіру есте сақтау қабілетін арттырады


Солтүстік Флорида Университетінің ғылыми қызметкерлері жүгіретін адамдар аяқ киімнен бас тартуы керек деп санайды. Өйткені жалаң аяқ жүру есте сақтау қабілетін жақсартады. Бұл зерттеудің нәтижелері  Perceptual and Motor Skills журналында жарияланды.
Ғалымдар 18 бен 44 жас аралығындағы 72 еріктіден шамамен 16 минуттай жалаң аяқ жүгіруді сұраған.
Жүгіргенге дейін және одан кейін қатысушылардың есте сақтау қабілетін тексерген.
Зерттеу нәтижесінде ғалымдар жалаң аяқ жүріггендерде есте сақтау қабілеті шамамен 16% артқанын байқады. Аяқ киім киіп жүгіргендерде мұндай көрсеткіш байқалмады, деп жазды medikforum.ru.

Комментарии




Яндекс.Метрика