Әлем жаңалықтары
23 тамыз 16:02
Жалаңаш қыз кондиционердің арқасында ажалдан аман қалды

 
Манхеттеннің солтүстігіндегі көшелердің бірінде бойжеткен өз-өзіне қол салмақ болды. Бесінші қабаттан секірмек болған қызын  анасы райынан қайтармақ болып, қапсыра құшақтап, жібермей тұрған. Қарсыласып, анасының қолынан сытылып кеткен қыз төмен секіргенде үшінші қабаттың терезесінде тұрған кондиционерге түскен. Сол мезет оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері қызды кондиционердің үстінен аман-есен түсіріп алған. Өз-өзіне қол салмақ болған бойжеткен ауруханаға жеткізілген. Алдағы уақытта ол психиатрия бөлімшесінде ем алуы мүмкін.
 
Дереккөз: dni.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика