18 Август
18:38
Астана: 21 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Экономика
6 мамыр 17:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша 10 мыңға жуық пәтер сатып алынады
 «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі «Нұрлы жол» аясында әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша Қазақстан азаматтарына болашақта сатып алу құқығымен жалға беру үшін 9 740 пәтер салуды және сатып алуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді бүгін холдингтің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбев ОКҚ брифингінде. Бұл туралы primeminister.kz. хабарлайды.
 
      
«Холдинг ауданы 487 мың шаршы метр - 9740 пәтерді азаматтарға болашақта сатып алу құқығымен жалға беру үшін сатып алуды және салуды жоспарлауда», - деді Қ.Бишімбаев.

Сонымен қатар, ол сатып алынатын және салынатын барлық шаршы метрлердің 50% жас отбасыларға үлестірілетінін баса айтты.

«Біздің еншілес компаниямыз - «Қазақстан ипотекалық компаниясы (ҚИК)» жалпы ауданы 77 мың шаршы метр шамасында болатын алғашқы 1357 пәтерді сатып алып, үлестірді. Оның ішінде, Астанада ауданы 7,6 мың шаршы метр болатын 86 пәтер, Алматыда жалпы ауданы 43,7 мың шаршы метр болатын 803 пәтер. Сондай-ақ, Семей, Қостанай, Көкшетау қалаларында пәтерлер үлестірілді», - деп нақтылады холдинг басшысы.

Бұдан басқа, холдингтің мәліметінше, сәуір айында Шымкентте жалпы ауданы 56,2 мың шаршы метр болатын 1080 пәтерді үлестіру басталды, олар толығымен ҚИК ұсынған қаражат есебінен салынған.

«2015 жылдың алғашқы төрт айында холдинг пен оның еншілес компаниялары жалпы ауданы 130 мың шаршы метр болатын 2437 пәтерді жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға үлестіріп берді», - деп толықтырды Қ.Бишімбаев.

Ол пәтерлердің таза әрлеуде ұсынылатынын айтты. Баспанаға ие болғандардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік саланың қызметкерлері, әскерилер, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар бар.
 
нравится:    590
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии