|    |  
19 наурыз 2019
23:59
қаз
Жалғыз басты ананы желіде жігітпен хат алмасқаны үшін ұрып-соғып, шашын алып тастаған
21 желтоқсан 2018, 15:19 1
Ташкенттің 28 жастағы тұрғыны Шахзода Хусанова үш келіншектен жәбір көрген.


 
Үш келіншек оның үйіне баса-көктеп кіріп, телеграм желісінде жігітпен хат жазысқаны үшін ұрып-соққан. Шахзоданың екі баласы бар, жалғызбасты келіншек. Оның айтуынша оған қоқан-лоққы көрсеткен әйелдер бостандықта жүр және оған жәбір көрсетуді жалғастыруда екен. Олар тіпті Шахзоданың жас балаларының көзінше шабуыл жасаған.
 
Сот-медицина сараптамасы жас келіншекке жеңіл жарақат салынғанын растаған. Сондай-ақ хаттамада келіншектің шашы машинамен алынғаны айтылған. Оның үйіне баса-көктеп кірген үш әйел оны ұрып-соғып, жерге жатқызып, шашын тақырлап алып тастаған. Денесінде көгерген жерлері көп. Әйелдер оның әшекейлерін де алып кеткен. Келіншектің айтуынша тергеу қызметі істі созбаққа салуда. 
 
Дереккөз: www.zakon.kz


Жаңалықтар