13 Декабрь
07:41
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
26 мамыр 09:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жалғызбасты әйелдерге алимент енді мемлекет есебінен төленуі мүмкін

Елімізде күйеулерінен алиментін ала алмай жүрген келіншектерге бюджеттен жәрдемақы төленуі мүмкін. Бүгін жалғызбасты әйелдерге араша түскен депутаттар мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынды. Ал бала-шағасын тастай қашқан безбүйрек әкелерден алиментті Үкіметтің өзі өндіріп, қазынадан алынған ақшаның орнын толтырмақ. Халық қалаулыларының алаңдауы бекер емес. Себебі, соңғы жылдары ұл-қызынан безінген азаматтардың саны күрт артқан.

Парламентке екі күннің бірінде жалғызбасты әйелдер жылап хат жазады екен. Өлместің күнін кешіп, депутаттардан көмек сұраған аналардың бірі - семейлік Лариса Жавронкова. Дәм-тұзы жараспай ажырасқан күйеуі шиеттей 9 баламен тастап кеткен. Енді 36 жастағы келіншек небары 60 мың теңге жәрдемақыға ұл-қызын жалғыз асырап отыр.

Лариса Жаворонкова, көпбалалы ана:

-Балалар бір күнде алты нан жейді. 65 теңге тұратын ең арзан нанды алғанның өзінде, 300 теңге жұмсаймыз. Әкелері алимент төлемейді. Өзім жұмысқа шығайын десем, кішкентайларды тастап кете алмаймын.

Ұрпағынан безінген безбүйрек әкелер көбіне мекен-жайы мен жұмыс орнын жиі ауыстыруға әдеттеніп алған. Мәселен, Мұрат есімді ақтөбелік бұл жігіттің борышы қазір 300 мың теңге. Қос құлыны үшін қарызын өтеп-ақ тастағысы келеді. Бірақ жұмыстан қысқарғалы алимент үшін бақыр тиын төлемеген. Енді сот орындаушыларынан қашып, ай сайын ұялы телефон нөмірін ауыстырып жүр. Бет-жүзін көрсетуден ұялатын өзі де бұдан әбден ығыр болған.

Мұрат, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Жұмыстан қысқарғанымызға жылдан асты . Қазір мүмкіндік жоқ. Мүмкіндік болса, балаңнан ақшаны аямайсың ғой.Мазалап тұрады. Телефон соғады. Хабарласады. Соттасын енді қайтем?

Заң бойынша, Мұрат сынды жылдап алимент төлемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады, тіпті түрмеге тоғытылады. Бірақ, мұндай қатал жазадан аш отырған бала-шағаға еш пайда жоқ. Сондықтан, депутаттар жылдар бойы әкеден жәрдем күтіп әбден қажыған ұл-қыз бен жылап жүрген жалғызбасты келіншектерге Үкімет көмектессін деп отыр. Ол үшін мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынды.

Магеррам Магеррамов, Мәжіліс депутаты:

-Шетелдегідей мемлекеттік алимент қорын құрсақ, бюджет есебінен жалғыз қалған әйелдерге жәрдемақы төленеді, кейін мемлекет ол қаржыны күйеуінен өндіріп алады. Бұл Үкіметтің жәутеңдеген балаға деген көмегі болар еді.

Бірақ, баланы да ананы да жарылқайтын ұсыныстың Үкімет тарапынан қаншалықты қолдау табары белгісіз. Ал осы уақытта елімізде 445 мың отбасын жалғызбасты әйелдер асырап отыр. 21 мыңнан астам әкенің ұл-қызы алдындағы борышы бірнеше миллиардқа жеткен. Берешегін айғай-шусыз өз еркімен өтеуге көбісінің құлшынып отырғаны да шамалы. 

​Baq.kz 
нравится:    651
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии