Кербез
4 маусым 14:59
Жалғыздық қаупін қалай жеңуге болады? Психологтардың 10 кеңесі
Әр адам өз өмірінде жалғыздық қаупін сезініп көрді. Көбіне көп бұл сезімді әйел заты бастан өткереді, өйткені олар болмысынан өте сезімтал.



Әйелдер қарсы жыныстыларға бауырмалдылық, махаббат сезімін бастан кешіре отырып, оларға сеніп қалады да, кішігірім ұрыс-керістің өзін үлкен уайыммен бастан кешеді. Нәтижесінде жалғыз қаламын деген ойға беріліп, күйзеліске түседі. Ал кейбір кездері адамда жалғыз қалу сезімі бірнеше себептен пайда болуы да ықтимал. Бір қарағанда жолы болғыш, бақытты, бай әрі мансапты көрінген адамдар жан дүниесіне келгенде жалғыз болып жатады. Жалғыздық жағдайын көптеген адамдар бастан өткеретіні де анық.

Күйзелісті жеңіп, жалғыздықты болдырмауға бағыштайтын психологтардың ұсынатын кеңестері бар.

1. Психологтардың айтатын басты кеңесі — жеке өз қорқынышыңды жеңе білу. Өйткені біздің жалғыз болып қаламын деген қорқынышымыз шындыққа айналып, әйтеуір бір кезде жалғыз қалуымыз әбден мүмкін.

2. Ең алдымен, жалғыздық себептерін анықтау үшін бұл қорқыныштың не себепті туындағанын зерттеу қажет, бұған себеп те әр түрлі болуы мүмкін, мәселен:

Өзіңе сенімсіздік. Өзіне беретін бағаның төмендігінен адам өзін жайсыз сезініп, ұялшақ бола бастайды, белгілі бір жағдайларда өзін толыққанды деп есептей алмайды.

Өзіне көңілі толмау. Кейде біз өзімізді жиі сынағыш келеміз, өзге адамдарға байқалмайтын, сырт келбет, ішкі дүниелердегі сындарды кемшілік ретінде қабылдаймыз.

Өз ойыңмен және сезімдеріңмен жалғыз қалу қорқынышының болуы.

Эгоизм. Тек қана өзін жақсы көретін, өзгені адам құрлы көрмейтін адамдар кездеседі. Міне, сол адамдарда жалғыз қалу қорқынышы басымырақ болады.3. Өзіңізді жалғыз қаламын деп сезінбес үшін, бұл проблема туралы және қандай шаралар қабылдануы тиіс деген сауалға жауап табу керек.

4. Өзіңіздің ойыңыздың неден шыққанын анықтаған соң лезде одан арылуға тырысу керек. Жаңа достар тауып, көбірек әңгімелесіп, өзіңізді жайлы сезінуіңіз керек.

5. Қоршаған ортаңыздағы адамдармен жиі сөйлесіңіз, бәлкім оларда да дәл сіздікіндей проблема ұшырасатын болар.

6. Өз өміріңізді жақсы арнаға толтырыңыз, туған-туыстарыңыздың, жақындарыңыздың бар екенін ұмытпаңыз. Тұйықталып қалмай, өз ойыңызбен ылғи да бөлісіп жүріңіз.

7. Қоршаған ортадағы адамдармен шынайы болыңыз, өзге жандарға ашық блсаңыз, жалғыздық туралы ой сізді мазаламайды.

8. Өзіңіз үшін жаңа хобби табыңыз, бәлкім бұл бұрын игеруге қиындық әкелген сурет салу өнері болуы мүмкін. Өзіңіз жаңа нәрсенің бетін ашуға тырысыңыз, бұл жалғыздық туралы жаман ойдан арылуыңызға көмектеседі.

9. Сіз өзіңіздің ішкі қорқынышыңызды қағаз бетіне түсіріңіз және оны жақсы кейіпке өзгертіңіз, бұл туындаған проблемамен күресуге жол ашады.

10. Өзіңізді жалғыз сезінсеңіз, үй жануарын асыраңыз. Бос уақытыңызда сол жануармен серуендесеңіз, жалғыз болмайсыз.
Психологтардың кеңесіне құлақ түріңіз, сол кезде жалғыздық туралы ойдан арыласыз, ішкі қорқыныш әлсірейді.

Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com

Комментарии




Яндекс.Метрика