Кербез
13 мамыр 12:02
​Жалқаулықпен қалай күрескен абзал: еңбекке ынтаны жоғарылатудың 10 қадамы

Өзі үшін жұмыс істегісі келетіндер үшін тез үйреніп, дереу әсер ететін практикалық және қарапайым әдістер әзірленген. Адамның еңбек етуге ынтасын арттыру әдістері ұзақ уақыт қолданыста пайдаланылып жүр. Дегенмен, жұмыстан қолы босамайтын адамдар оларды көбіне білмей қалып жатады. Оның үстіне, адамдар өз мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылады және бұл үшін аз қимылдағысы келетіндері де жасырын емес. Еңбекке деген ынтаны арттыру үшін сізге бар болғаны бірнеше ай қажет. Ылғи жұмыс басты болу үшін сізге үнемі өзіңізді жетілдіріп отыру керек. Өзімен жұмыс жасайтын адамдарға арналып, практикалық және қиын емес әдістер ойлап табылды, олар сізге көп күттірмей нәтиже берері анық.

1.Күн, апта, айдың 3 негізгі шарасын жоспарлап қойыңыз.
Жұмыс аптасынан бастап, өзіңізге «демалыс күніне дейін қандай үш іс-шара өткізілуі керек?» деген сұрақ қойыңыз. Бұл жұмысыңыздағы маңызды баяндама, киноға бару, спортзалда жаттығу жасау болуы мүмкін. Мұндай сұрақтарды күн сайын жасаған жөн. Сонымен қатар, олар бір аптада жүзеге асырылатын басқа жұмыстарға кедергі келтірмеуі де керек. Жұма күндері жұмыс аптасының ішінде жасалған барлық нәрселерді және олардың барлық салаларындағы тәртіпті бақылап, тексеріңіз. Жақсартуларды қажет ететін бағыттарды анықтаңыз және барлығы жақсы бағыттарды да көріңіз. Жаңа жұмыс аптасының басталуына дейін сіз қателіктеріңізді сараптап алыңыз. Осылайша сіз бір айға арналған іс-әрекеттерді де жоспарлай аласыз. Бұл әдіс сізге ойды өз орнына қойып жүйелеуге, тек қана мақсатқа жетудің жолдарына емес, жету мүмкіншілігіне баса назар аударуға үйретеді.

2.Жоспарларды кинофильм секілді айналдырып, шолып өтіңіз.
Мақсатты жоспарлардың тізімі Word  құжаты емес. Ойлаған шараларды тек қана жазбаша емес, ойша да құрастырсаңыз болады. Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, адам миы болатын және күтілетін оқиғаларды ажырата алмайтындығы дәлелденген. Мұндай физиологиялық белсенділікті мақсатқа жетуде пайдаланған орынды. Егер болатын оқиғаны ойша дамытсаңыз (мансап қызметінде жоғарылау, қомақты сатып алуға қол жеткізу, экзотикалық елге саяхат жасау), оны шындыққа айналдыру бағытында жұмыстар жүргізіледі. Мұндай процесс белсендірілген кезде, ми түскен сигналдармен жұмыс жасай бастайды. Үлкен болсын, кіші болсын, ойлаған жоспарыңызды ойша дамытыңыз.

3.Жұмысты бастамас бұрын істейтін зиянды әрекеттерден арылыңыз
Әрбір таң кофе ішуден, әріптестермен әңгімелесуден, кабинетте отырып, жаңалық қараудан басталатыны белгілі. Көбіне мұндай іс-әрекеттер ұзаққа созылып, жұмыс уақытының біраз бөлігін алып қоюы ықтимал. Ал демалыс кезінде мүлде басқаша өтеді. Бастапқы кезде қолыңыз ноутбукке жүгіріп, пошта тексеруге, телефон қоңырауларын қарауға ұмтылып тұрасыз. Жұмысқа бейімделу, оны өнімді ету мұндай кездері мардымсыз нәтиже көрсетіп жатады. Мұндай зиян әрекеттерден арылыңыз және уақытты өзгеше өткізудің пайдасын байқаңыз.

4. Медитациямен айналысыңыз 
Медитация әр түрлі болады, қиын жаттығулар да, жеңілдері де кездеседі, көп уақыт алмайтындары да бар. Өзіңізге ұнамды әдістемені жүктеп алуыңызға әбден болады, 15 минут ішінде осылайша жұмысқа деген құлшынысыңызды оятасыз. Медитация негізінен көңіл күйді жақсартады, күйзеліс жағдайында таптырмас ем.

5. Күніне «жаман жұмыстың» біреуі ғана
«Жаман жұмыс» сүймейтін ісіңіз, алайда оны істеуге тура келеді. Бұл гараждағы тазалау болуы мүмкін, тіпті ұнамсыз адаммен кездесу болуы да мүмкін. Психологтардың айтуынша, адамдар ұнамайтын дүниелерді кейінге көп қалдырып жатады. Осылайша ұнамсыз жұмыстар жиналып қалады да, өзіңізге кесірі тиеді. Мұндай болмас үшін күніне бір ұнамсыз жұмысты істеуіңізге тура келеді.

6. Мазаңызды алатын, ойыңызды бөлетін барлық дүниелерден арылыңыз
Кейде телефон қоңырауы маңызды жұмысты не істі бөліп жібереді, ой бөлініп қалады. Немесе хат алдыңыз, дереу жауап берейін деп жатқанда, пошта жаңартылуы қажет болып уақыт алды, осылай ойыңыз бөлініп кетті. Мұндай жағдайдан кейін тиімді жұмыс жасау да қиындап кетері анық. Яғни бұл кезде өзіңізді бір жұмыстан екінші жұмысқа тез ауысу жағдайын дамытуыңыз керек. Алайда бұл сізге кедергі болмауы тиіс. Ең бірінші кезекте ешқандай қоңыраулар мен хабарларға ойыңызды бөлінбейтіндей етіп өзіңізді жаттықтырғаныңыз абзал.

7. Кішігірім үзіліс жасап отырыңыз 
Жарты сағат жұмыс істеп, 5 минут демалыңыз. Төртінші айналымда демалысты 30 минутқа дейін созыңыз. Мұндай әдіс сізді шаршатпайды және жұмысқа деген құлшынысты азайтпасы анық. Алайда демалыс ғаламторда өтпеуі қажет. Көбіне жаттығу немесе серуен жасағаныңыз абзал.

8. Қауымдастық мүшелерінің тізімін жасаңыз 
Негізгі 10-20 бөлімнен тұратын іс шаралар тізімін құраңыз. Әр іс-әрекет цифрмен көрсетілуі керек. Мәселен, оны былайша жасауға болады: 1 – керік, 2 – велосипед, 3 – үшайыр және тағы басқа. Мұндай әдіс жоспар мен істі жақсы есте сақтауға мүмкіндік береді.

9. B-ALERT  жүйесін қолданыңыз
Бұл жүйе әріп пен іс әрекеттің үйлесім табуы негізінде жүзеге асырылып отырады.

В – Blueprint (жоспар) – бір күнге арналған жоспар. 

А – Action (ісәрекет) – қойылған міндеттерді іске асыру. 

L – Learning (өзін өзі дамыту, білім алу) – жаңа ақпаратты игеру. Бұл танымдық кітап, мақала, видеосюжет болуы ықтимал.

E – Exercise (сабақ) – дене белсенділігі (йога, жаттығу, тренажер залы). 

R – Relax (сергу) – жұмыстан демалу, серуендеу 

T – Thinking (ойлау) – жеке тиімділік сараптамасы, қойылған мақсатты жоспарлау. 

10. Күннің соңында қорытынды жасаңыз
Бір күнде жасалып жатқан барлық нәрселерді талдап, тағы не істеу керектігін ойлап көріңіз. Осы мақсаттарға жету үшін қанша уақыт жұмсалды. Кейбір жұмыстарыңыз келесі күнге қалдырылса, бұзушы фаторларды табыңыз және жойыңыз. Және әрдайым күтпеген жағдайлар болуы ықтимал екенін ұмытпаңыз. Өз жетістіктеріңіз үшін өзіңізді мадақтаңыз және қол жеткізген мақсаттарыңызбен тұралап қалмаңыз.

Дереккөзі: ​menslife.com

Комментарии




Яндекс.Метрика