20 Август
13:54
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
14 қазан 15:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жалқаулықтан құтылғыңыз келсе...
Өз еркіңді жеңу өте қиын. Яғни, қаламай тұрған істі істеу немесе  қалап тұрған нәрседен  өзіңді тию тек ерік-күшін басқара алатын адамдардың ғана қолынан келеді. Мәселен, алдыңызға  арықтаймын деп мақсат қойдыңыз, бірақ, еркіңізді жеңе алмай «бүгінше жей тұрайын, ертеңнен бастап диетаға отырамын» дейсіз. «Еріншектің ертеңі таусылмайды» дегендей ертеңіне тағы да осылай жалғаса береді. Бірақ, қанша уақыт сырғып өтсе де дегеніңізге жете алмайсыз.


Өйткені, сіз жалқаусыз. Өз денеңізді өзіңіз басқара  алмайсыз. Біліп қойыңыз, мұндай адам еш жетістіктерге жете алмайды.

Ал ерік-күшін жеңе алатын, өзінің  бойын да, ойын да басқара алатындар  уақытты ерттеп мініп алады да мақсатына жетіп, айналасындағыларды таң қалдырады. Ерік-жігерді қалай бағындыруға болады?

Ол үшін арнайы блокнот сатып алыңыз. Сөйтіп, кешкілік ертеңгі күнге жоспар құрып жазыңыз. Не істеу керек, қайда баруыңыз қажет, кімге қалай сөйлегеніңіз дұрыс, үстіңізге не киесіз? Таңертең үйіңізден шыққаннан кейін кешке үйіңізге келгенге дейін бәрі-бәрі жоспарлы болуы керек. Және блокнотыңызда жазылғандардың барлығын рет-ретімен орындауға өзіңізді мәжбүрлеңіз. Кежегіңіз кейін тартса да бүгінгі атқарылуы керек жұмысты ертеңге қалдырмаңыз. «Жалқаудың ертеңі бітпейтінін» естен шығармаңыз.

Ерте тұрып, таңертең міндетті түрде бір стақан қайнаған  су(ауыз күйдірмейтіндей, бірақ, ыстық болуы керек) ішуді әдетке айналдырыңыз.
Одан кейін  айнаға қарап, орындыққа отырған аяқтарыңызды бүгіп, екі қолыңызды  алға созып бір  минуттай тұрыңыз. Шыдаңыз, сіз осылай жалқаулықты  бойыңыздан қуасыз. Күнде осы жаттығуды қайталаңыз.
Кешкілік бетіңізді жуып, ертеңгі киер киімдеріңізді үтіктеп, аяқ киімдеріңізді сүртуді, сөмкеңіздің ішін реттеуді дағдыға айналдыру арқылы   да  өзіңізден   жалқаулықты алыстатасыз.
Сіз өз денеңіздің қожайынысыз, ондай болса, неге оны басқара алмайсыз? Өзіңізге тәуелді денеңізді басқара алмасаңыз, өзгені  де, жұмысыңызды да басқара алмағаныңыз ғой.
Әр адамның бойында өзіне қарсы жүретін  тағы бір «мені» болады.  Ол барайын деп тұрған жеріңізге  «бармай-ақ қойсай, одан да теледидар тамашалағаның жақсы емес пе?» немесе күйеуіңмен реніш болғанда  «сен одан қаласың ба, сөз қайтар, қайтпа!» деуі мүмкін. Қашан да аяқтан  шалып жүретін осы бойдағы  екінші «менді»  қуып шығу керек. Оны тыңдамай қойсаңыз болды, өзі-ақ жоғалады.

Мәселен, ертеңгісін  сағаттың шырылынан ояндыңыз делік, иығыңызға мініп алған жалқаулық «Сәл ұйықтай тұрсай!» дейді. Осы кезде сіз оны тыңдамай, «Мен өз ерік-күшімді басқара аламын» деп орныңыздан сергек тұрсаңыз, бірінші қадамды жасаған боласыз.

Ерік-күшті дамытудың екі жолы бар.

Біріншісі, өзіңізге ұнайтын жаттығу   арқылы,  яғни, күнделікті   таңертең   жүгіруді немесе 15 минут  гимнастикалық жаттығу жасауды әдетке айналдырыңыз. Уақытыңыз болмай бара жатса да міндетті түрде оны орындаңыз.

Екіншісі, сеніміңіз  арқылы жігерлі бола аласыз. Өзіңізге «кешегіден де жақсы жетістіктерге жетуді мақсат етіп, өмірімнің өзгергенін шынымен де  қалаймын ба  деген сұрақты жиі қойып, нәтиже шығарыңыз.  Шындап кіріссеңіз, сіздің де қолыңыздан көп іс келеді. Өзіңізге сенімді болғанда ғана ерік-жігеріңізді билей аласыз. Ал ерік-күшін басқара алатын адам алдына қойған кез-келген мақсатына жете алады. Ендеше, жалқаулықты қуып, жігеріңізді шыңдай түсіңіз.

Дереккөзі: http://anabol.kz/
нравится:    811
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии