18 Декабрь
18:40
Астана: -14 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
17 ақпан 10:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жалқауықпен қалай күресуге болады?

Жалқаулық - кенеттен, бірақ ұзаққа келетін құбылыс. Депрессия, шаршағандық, тіпті дәрумендердің жетіспеуі қарапайым жалқаулыққа сылтау бола ала ма?  Жалпы, жалқаулықтың мағынасы қандай? Ол қаншалықты жаман қасиет деп саналады? 


Жұмыс, сабақ, үй шаруалары, дүкен аралау, кез келген істің пайдасы бары анық. Сондықтан біз бұл шаруаларға іштей қанағаттанып, пайдалы нәрсе жасадық деп ойлаймыз. Ал босқа жата бергеннің пайдасы жоқ болып көрінеді. Алайда жайбарақат төсекте жатуға құштарлық босқа пайда болмайды. Жиі жағдайда тоқтап, демалып, ойлану барысында адам күнделікті жұмысы мен қайталанатын істер оны басқа, шынымен маңызды бір нәрседен алшақтатынын түсінеді. Бұл пікірдің жаны бар, себебі сіздің өміріңіздегі ең маңызды адам - тек өзіңіз. Тек "тайм-аут" еріншіктікке айналып кетпес үшін, бірнеше ереже ұстанғаныңыз жөн.



Демалыс сағаты. Өзіңізге күннің 24 сағатының біреуін сыйлаңыз. Ол уақытта демалыңыз, ойланыңыз, өзіңізбен тілдесіңіз. Теледидар, ғаламтор, қоңырауларға бір сағат "жоқ" деп, осы кезде туындаған ойларды жазып отырыңыз. Артынан оқып, өзіңізге таң қаласыз!



Сылтау іздемеңіз. 
Демалуға сылтаудың қажеті жоқ. Расымен, миды демалтқыңыз келсе, артық ойларды ұмытып, басты сылтау іздеумен қатырмаңыз. Ондай жағдайда демалысыңыздың да пайдасы тимейді. Тіпті жалқауланудан рахаттануды үйреніңіз. Кітап оқығанда оны аяқтауды, компьютерлік ойын ойнағанда оның келесі сатысына өтуді мақсат қылмай, жай көңіл көтеріп, демалыңыз. Сонда шынымен уақыт босқа өтпей, жалқауланудан да пайда аласыз.


Кінәлі сезінбеңіз. Біреудің жұмыстағы жетістіктерін, барып келген демалысының суреттерін көріп, досыңыздың спортзалға баратыны жайлы естіп, "Мен неге бара алмаймын?" деп өзіңізді кінәламаңыз. Бір сәтте барлық істерді бірге ала жүру оңай емес, сондықтан асықпай біреуін қолға алыңыз. Оған әбден үйреніп, келесісіне кірісіңіз. Осылайша жарты жылда сіз де бәрін үлгеретін болып шығасыз.

Оңай жол іздеңіз. Жаңа қызығушылық таңдағанда арасынан ең оңайы мен өзіңізге ең ұнайтынына назар аударыңыз. Шаруа көңіліңізден шықпаса, оның сәтті болуы екіталай. Ал оңайлығы сізді іштей рухтандырып тұрады. 
5 минуттық демалыс. Жұмыс барысында өзіңізге 5 минуттық демалыс беріп тұрыңыз. Күшіңіздің тапшылығын сезсеңіз, орныңыздан тұрып, шәй ішіп, тынығып алыңыз. 
Кейбір жағдайларда кішігірім демалыстар депрессия мен апатиядан құтқармайды. Демек, мәселе басқада. Мүмкін сізге жасап жатқан жұмысыңыз, айналысатын шаруаңыз ұнамайтын шығар? Немесе өз күшіңізге сенімді емессіз бе? Осы сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.

Дереккөзі: massaget.kz
нравится:    924
Теги: Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии