20 Октябрь
01:45
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
28 шілде 13:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жамбыл облысында күйеу жігіт үйлену тойының ертесінде мәйітханадан табылды

 
25 жастағы жігіттің жұмбақ өлімі Жамбыл облысын дүрліктірді. Жақындары Ерік Төреқұловты той өткеннен кейін келесі күні мәйітханадан тапқан. Қуанышын достарымен бөліспек болған күйеу жігіт жергілікті плотинаға барып, күзетшілермен сөзге келіп қалған. Содан кейін күзетшілердің шақыртуымен келген полиция қызметкерлері оны алып кеткен. Құқық қорғау қызметкерлері жас жігітті учаскеге емес, аудандық ауруханаға жеткізеді. Бірақ дәрігерлердің айтуынша жас жігіт клиникалық өлім жағдайында жетізілген. Өміріне араша түсуге тырысып баққанымен, ақ халаттылар оны аман алып қала алмаған.
 


Толығырақ тарқатсақ. Ерік Төреқұлов төрт жолдасымен бірге Қарақыстақ су электр станциясының маңында шомылуға тыйым салынған жерде көңіл көтерген. 75 жастағы күзетші мен оның 20 жастағы немересі келіп, олардан кетуін талап еткенде жас жігіттер олардың айтқанын орындаудан бас тартады. Қаза тапқан жігіттің достары төбелес болмағанын, жағдайдың қол көтеруге дейін жетпегенін айтуда. Бірақ ашуланған күзетші құқық қорғау қызметкерлерін шақырып, Ерікті атап көрсеткен.
 
Әли Башаев, досы:
 
- Біз төменге қарай кеттік. Жарты сағаттан кейін жеке көлік келіп, одан учаске инспекторы түсті. Олар Ерікті бірден ұстап, итеріп көлікке отырғызды. Көліктің артқы орындығына отырғызып, біреуін басынан, біреуі кеуде тұсынан басып алды. Содан кейін әлгі учаске инспекторы: «Миллион беріңдер, жіберемін»-деді.
 

                                                     Еріктің досы Әли Башаев

Достары өздерінің масаң күйде болғанын жоққа шығармайды. Ал марқұм болған жігіт құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, біреуінің қолын тістеп алған. Ал оны алып кеткеннен кейін не болғанынан ешкімнің хабары жоқ. Жақындары Еріктің сау болғанын айтуда.
 
Қуаныш Төреқұлов, Еріктің әкесі:
 
- Менің жалғыз ұлымды өлтірді. Мен бұған сенімдімін. Келінбала жүкті қалды. Енді ол не істейді? Біз не істейміз? 
 
Ерік Төреқұлов бір жыл бойы тойына қаражат жинаған. Жас келіншегі енді жесір қалып отыр. Полиция  қаза тапқан жігітке қатысты «Бұзақылық» және «Билік өкіліне күш қолдану» баптары бойынша екі іс қозғалғанын хабарлады.
 

                                         Еріктің әкесі Қуаныш Төреқұлов

Құндыз Бөгенбаева, Жамбыл облысы ІІД ақпарат бөлімінің өкілі:
 
- Қарсылық көрсетіп, жарақат алған жігіт аудандық ауруханаға куәландыру үшін жеткізілген. Аудандық орталық ауруханаға келгенде дәрігерлер ұсталған жігіттің өлімін тіркеген. Аталмыш факті бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.
 
Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетін қазір облыстың ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеруде. Осы оқиғаға қатысы бар барлық қызметкерлер өз орындарында қалады. 25 жастағы жігіт өлімінің себебін сот-медициналық сараптама дайын болғанда  бір айдан кейін жарияланады.


 
Дереккөз: КТК
 
 
нравится:    1671
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии