20 Октябрь
22:13
Астана: 7 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
1 қыркүйек 12:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жан Ахмадиев жас жігітке жұдырық ала жүгірді (ВИДЕО)

 
Аты шулы рэпер Жан Ахмадиев Алматыны тағы да шулатты. Бірақ бұл жолы қазақтың кемшіліктерін ол түгендемепті. Керісінше жергілікті тұрғын оның бейәдеп ісінің үстінен түскен.
Рэпер екі жолдасымен 567 THA нөмірлі Hyundai автокөлігінде отырған. Видеода олардың автокөлікті жер үйі көп көшенің біріне, жол бойына тоқтатып қойып, алаңсыз шемішке шағып, сусын ішіп отырғаны көрінеді. Сорақысы сол, ішкен-жегендерінің, шаққан шемішкелерінің қалдықтарын машина терезесінен сыртқа лақтырып тастаған.

Бұлардың қоғамдық орынды бей-берекет ластап отырғанына шамданған жас жігіт ұялы телефонының видеожазбасын қосып, оларға барып қоқыстарын жинауды талап етеді. Көліктегі үшеу әуелде жас жігіттің сөзін құлағына ілмеген. Біршама уақыттан кейін құлақ тұсынан қақылдаған жігіт әбден ашуына тисе керек, Ахмадиев көліктен шығып, видеоға түсіріп тұрған жігітке жұдырығын ала жүгіреді. Көлікте отырған екі жолдасы ажыратып алады. Олар ажыратпағанда қып-қызыл төбелес болғалы тұр екен.

Ақыры, екі жолдасы өздері тастаған бос құтыларды қоқысқа тастап, оқиға орнынан тайып отырған. Рэпер видеоға түсіріген жас жігітті оңдырмай боқауыз сөзбен сыбап кеткен. Дереккөз көлікте отырған үшеудің бірі "Бақай" тобының солисі екенін жазады. Сондай-ақ Жан Ахмадиев көлікте өзі отырғанын мойындаған көрінеді. 
Заманауи жыраудың қазақтың кемшілігін түгендегеннен бұрын өзін өзі тәрбиелегені дұрыс-ау.

Видеода бейәдеп сөздер бар!



Дереккөз: 365info.kz
нравится:    3297
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Толик2016-09-02 11:08:22
    Жан Ахмадиев