23 Апрель
13:16
Астана: 14 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 326.17
EUR/KZT: 401.25
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.84
Мәдениет
8 қаңтар 15:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жан Мұқанов Төреғали Төреәлімен не үшін араздасқанын айтты
Өткен жылдың соңында Төреғали Төреәлінің үйлену тойы өткен болатын. Бірақ осы тойда оның продюсері Жан Мұқанов төбе көрсетпеді. Кейін әншінің концерттері мен осы тойын ұйымдастырған продюсердің өкпелеп кеткені жайлы әңгімелер айтылды. Бүгін Жан Мұқанов Төреғали Төреәлімен не үшін араздасқанын айтты. Продюсер жазбасын Телеграм каналына жазған.


 
«Әу бастан арамыздағы келіспеушіліктерді сыртқа шығармау туралы жазылмаған заңымыз болатын. Бірақ оның сыртымнан неше түрлі ғайбат айтып жүргенін және мен үндемеген сайын оған көпшіліктің сене бастағанын байқадым.
 
Төреғалимен 2015 жылы «Жігіттер» квартетінің концертінде таныстық. Ол кезде оны ешкім танымайтын. Ол мәдениетті, сыпайы, қарапайым болатын. Маған Республика сарайында оның алғашқы концертін ұйымдастыру туралы ұсыныс түсті. Концертті «Ұлы дала баласы» деп атауды да мен ұсындым. Сол кезде әкесі ел дұрыс түсінбей қалар деп қарсы болды. Бірақ қазір бұның брендке айналғанын көріп отырмыз. Екі жылда оның қаламақысы 200-500 доллардан 8 мың долларға дейін өсті. Жұлдыз болды. Мол табыс тапты.
 
Мен ешқашан бір адам үшін бұлай шығындалған емеспін. Ол адамшылығын жоғалтқанымен, өте талантты екенін мойындаймын. Өзінің абыройын төккені, менің және менің командамның еңбегін еш еткені өкінішті.
 
Қазан айындағы оқиғаларға келсек, Төреғалидың 5 концертін мен өз есебімнен өткіздім. Мұндай концерт өткізуді де мен ұсындым. Оның есімі тарихта қалғанын қаладым.
 
Барлығы оның әкесінің мінезін біледі. Осынша жыл жұмыс істеген мен тіпті жақсы білем. Бес күнде біз 15 000 билет сатуымыз керек болған. Бәрақ өкінішке қарай 3500 әлде 4000 билет қана саттық. Ақша болмай қалғаннан кейін мен қарыз алып салдым. Сосын ақшаны қайтару үшін кейін 10-15 тапсырысты алуын сұрадым. Қазір маңыздысы концерт. Сосын ақшаны қайтару керек қой. Сол кезде «Жан, ол сенің проблемаң. Билет сатылмаса сен нашар жұмыс істегенсің, жарнаманы дұрыс бермегенсің»-деді. Ондай болса менің билеттерімді қайтар дедім. Бұған дейін оның әкесі менен 1500 билетті алып кеткен. Соны әлдекімдерден жарты бағасына сатып жүр дегенді естідім. Қалған билеттер сол себепті де өтпеген. Бірақ сонда да ақша жоқ екенін және таба алмайтынын айтты. Бұл кезде оның концерттерінің белортасына келгенбіз. Артқа жол жоқ еді.
 
Бұдан кейінгі оның сахнадағы үлкен ағаларын ренжіткенін, қонақтарды неге 40 минут бойы тұрғызып қойғанымызды, Республика сарайының неге оны қара тізімге енгізгісі келгенін жазбай-ақ қояйын.
 
Тойға келер болсақ, бастапқыда мен жарық, дыбыс, сән-салтанаты, шақыру билеті, неке жүзігі, жастардың киімдеріне ғана жауапты болғанмын.  Және Дубайға барып, оның келіншегіне арнаған «Толқыным» әніне бейнебаян түсіруіміз керек еді. Әрине, осының бәрінен кейін мен ешқайда бармаймын деп шештім. Қалған барлық келісімімді орындадым.
 
Тойды да осылай өткізуді мен ойлап таптым. Мұндай пиар тәсілді құр жібергім келмеді. Жарық пен дыбысқа ақша жетпегеннен кейін әкесінен ақша сұрадым. Ол өзімді балағаттап тастады. Тіпті менің әкем бұлай сөйлеспеген, мен сол кезде телефон тұтқасын қоя салдым. Төреғалидың өзіне айтып едім, ол «Жан, мен уайымдап тұрмын. Ол сенің проблемаң» деді.Соңында мен бәрібір жарық пен дыбысты қостым. Онсыз той өтпей қалатын еді.
 
Оның неке жүзігінен бастап, барлық сахналық киімдеріне дейін сатып әперген өзім ақымақпын.
 
Оның қасында жүрген Қайнар Алагөзов, Құрал Молжанов, Аян Сейтов деген жас ақындарды аяймын. Олар Төреғалиға жазып берген мәтіндері үшін тиын-тебен алады. Оның ықпалынан шыға алмайды.
 
Мен әлі де ол есін жинар деп үміттенемін. Қаншама күш-қуат, ақшаны сарп еттік. Есіңді жи, Төреғали! Талай қызық әлі алда. Сен әлі 25-те ғанасың»-деп жазған Жан Мұқанов.
  
Дереккөз: Reactor
нравится:    338
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии