11 Декабрь
23:15
Астана: -12 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
28 қазан 16:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жаңа іс бастау ешқашан да кеш емес - Билл Гейтс
Компьютерді Билл Гейтссіз елестете алмаймыз. Міне, біздің ғасырымыздың ең алып тұлғаларының бірі дәл осы азамат.  Бүгін Билл Гейтс 60-жасқа толды.



35 жыл бұрын Билл алғаш «Microsoft Corporation» компаниясын ашып, дүние жүзіне ақпараттық технологияға персоналды компьютер шығаруымен жаңалық алып келді. Сол кезден бастап оның бар өмірі түбегейлі өзгеріп кетті.
Билл Гейтс 1955 жылы қазанда Сиэтле де қарапайым ұстаздар отбасында дүниеге келді. Мектепке информатика пәнін оқи бастағаннан -ақ ,ол өзінің алғашқы компьютерлік программасын жазып үлгерді, сол кезде ол небары 13 жаста ғана еді.Өзінің досы Пол Алленмен бірігіп, "Жа прогаммистер" клубын құрды.



Атақты техномагнаттың ата-анасының айтуы бойынша: «Билл кішкентай кезінен мінезі қырсықтау, әрі ауыр болатын». Мектепте оқып жүргенде көп сөйлеймейтін, сабақты аса жақсы оқымайтын, өте нәзік, арық болған. Бір күні үнемі бөлмесін жинағысы келмейтін Биллді анасы сөгіс ретінде подвалдағы бөлмеге көшіріп тастапты. Содан сұрақ қойса жауап қайтармай, ас ішуге шақырса мүлдем келмейтін бала, анасын біраз уайымдатқан екен. Психологиясына әсер тиді мекен деген ата-анасы баласын психиатрға апарады. Бір екі сиянс өткізгеннен кейін дәрігер «бұл балаға ұрысудың қажеті жоқ, бәрі бір жеңе алмайсыздар. Өзінің дегенінен қайтпайтын адам. Оның орнына тіл табысып көріңіздер» – деген екен. Білімі мен санасы жоғары әкесі мен анасы сол күнен бастап Биллді түсінуге тырысыпты. Бірақ қанша қылықтары болғанымен ішкі жан дүниесі ерекше, ойлау қабілеті, рухы өте мықты болатын – дейді әкесі. Бір қызығы Гейтс мектепте оқыған кезде тек қана математиканы жақсы оқып, компьютерлық программалармен айналысуды ұнатқан екен. Қалған сабақтардан үлгермі өте нашар болған. 



Билл Гейтс  қазіргі кезде қайырымдылық жұмыстарымен белсенді айналысады. 1994  жлы негізі қаланған Билл және Мелинда Гейтстер Қоры денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, сонымен қатар кедей елдердегі аштықпен күресуге, ВИЧ/СПИДты емдеу және алдын алумен қатар туберкулез,маляриямен ауруларымен үресу, Үндістандағы және Африкадағы балаларға иммундық екпелер егу және т.б. шаралар қаражаттар аударып келеді.

Біз оқырмандардың назарына Билл Гейтс  айтқан қанатты сөздерді ұсынамыз.

-Мен жұмысқа жалқау адамдарды аламын. Себебі олар кез келген қиын мәселені шешудің оңай жолын тез-ақ табады.
-Өз жұмысыңыздан ләззат алыңыз. Сол кезде ғана сіз өмір бойы жұмыс істемегендей сезімді бастан өткересіз.
-Барлық арман орындалмайды. Мысалы мен аспаз болуды мақсат тұтқанмын. Бірақ олай болмады.
-Сіздің аты-жөніңіз ғаламторда жоқ болса, демек сіз бизнестен тым алшақсыз.
-Сондай-ақ 500 жыл өмір сүретіндей бейқам болмаңыз.
-Жаңа іс бастау ешқашан да кеш емес.
-Егер басыңызға жақсы идея топ ете қалса, оны дереу іске асыруға талпыныңыз.
-Кез келген жобада өз мақсатыңды нақты түсінбеу, табысты болуға кедергі келтіреді.
-Білім – ең маңызды аспап
-Кез келген жерде, заң пайда болады
-Егер хат ерекше үлкейтіп жазылған болса, ол спам.
-Жаңашылдық – шағын мемлекеттің үкіметін тығыз айқындайды.
-Электронды пошта көптеген мекемелер арасында иерархиялық құрылым жасады.
-Cенің ең бақытсыз тұтынушың, бұл сенің ең маңызды өмірдегі сынағың
-Алдағы 10 жыл бизнес үшін, келер 50 жылмен салыстырғанда өте үлкен өзгеріс әкеледі.
-Барлық жарнамалар сөзсіз үлкен дербестендірілген жүйеге ауысады.
-Қай уақытта да жұмысты жасағанда немесе жойып жібергенде, Гарвардқа оралудың кеш емес екенін ұмытпа.
-Бизнес – үлкен құмарлықпен азғана ережеден тұратын, өте қызық ойын.
-Мен жұмысқа жалқау адамдарды аламын. Себебі олар кез келген қиын мәселені шешудің оңай жолын тез-ақ табады.

Материал интернеттен алынған деректер негізінде әзірленді.
нравится:    1687
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии