16 Август
23:22
Астана: 15 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
3 мамыр 16:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жаңа Лара Крофтты Алисия Викандер сомдайды


Видеоойындар сериясының қаһарманы Лара Крофт туралы жаңа фильмде басты рөлді Алисия Викандер сомдайды. 

MGM, Warner Bros. және GK Films компанияларының бірлескен жобасы қайта іске қосылу, яғни ребут болып саналады. Осы жолы да Лара Крофт туралы бірнеше фильм түсіру жоспарланған. Фильмді норвег режиссері Роар Утхауг түсіреді.

Еске сала кетелік, 2001 жылы "Лара Крофт: Мазар тонаушы" ("Lara Croft: Tomb Raider") және 2003 жылы "Мазар тонаушы Лара Крофт: Өмір бесігі" ("Lara Croft Tomb Raider: The Cradle of Life") фильмдері жарық көрген еді. Екеуінде де басты рөлде Анджелина Джоли ойнады.

Лара Крофт туралы жаңа фильмде кейіпкердің жастау кезіндегі өмірі көрсетілмек. 

Айта кетелік, швед актрисасы Алисия Викандер биыл "Дат қызы" фильміндегі рөлі үшін "Оскар" алды.

Дереккөзі: kinostan.kz
нравится:    745
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии