20 Август
15:48
Астана: 21 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
24 ақпан 11:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жаңа Samsung Galaxy S7 смартфоны су астында тексерілді (ВИДЕО)


T-Mobile байланыс операторы Samsung Galaxy S7 смартфонын бассейн түбінде ашқан видеоны жариялады.
Видеода сүңгуір маскасын киіп алған жүргізуші смартфон салынған қорапшаны екі минуттың ішінде ашып, ішіндегілерді, қолдану нұсқасын, қуаттау құралын және тағы басқаларын көрсетіп шықты. Ал одан кейін ол су астында Galaxy S7 смартфонын іске қосып, оның негізгі сипаттамаларын айтып өтті.
Жүргізуші смартфонның судың астында қоңырау шалуға, фотосурет түсіруге, тіпті, сүйікті телешоуды тамашалауға болатынын көрсетті.
Алайда жадыдан шығармайтын нәрсе, Galaxy S7 смартфонының судан қорғау сертификатында құрылғының тереңдігі бір жарым метрден аспайтын су астында жарты сағат уақытқа ғана шыдайтындығы көрсетілген.  

нравится:    973
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии