Әлем жаңалықтары
2 қаңтар 11:16
Жаңа жыл түні Францияда мыңнан аса көлікті өртеп жіберді


Жаңа жыл түні Франциядағы тәртіпсіздік нәтижесінде 1031 автокөлікті өртеп жіберген, полиция 510 адамды тұтқындады, деп хабарлайды Корреспондент.

Францияның Ішкі істер министрлігінде тұрғындардың өткен жылғы көрсеткішті асыра орындағанын мәлімдеді.
 
"Жыл сайын біз осындай тәртіп бұзушылықтарға қарсы шаралар қолданып келеміз: 1031 көлікке өрт қойылды... Бұл 2012 және 2013 жылдармен салыстырғанда аз – сәйкесінше 1193 және 1067 көлік, алайда өткен жылмен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш - 935", − деп хабарлайды ведомство.
 
Нәтижесінде, құқық қорғау органдары жаңа жыл түні тәртіп бұзушылық кезінде 510 адамды тұтқындаған.
Сонымен қатар, құқық қорғаушылар арасында да оқиғадан зардап шеккендер бар. Ашуға булыққан француздар 8 полиция қызметкерін және 3 әскери қызметшіні жарақаттаған.
 
 
 

Комментарии




Яндекс.Метрика