22 Январь
14:03
Астана: -32 °C
Алматы: -10 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Әлем жаңалықтары
1 қаңтар 11:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жаңа жылдағы мейрамдарда қандай іспен шұғылданған тиімді?
Көпшілік Жаңа жылдағы мейрамдарды асыға күтеді. Себебі біреулер демалады, біреулер өмірін өзгертеді, біреулер саяхатқа кетеді. Осы мереке күндерін құр өткізбей, тиімді өткізу үшін не істеу керек?



Кеңесімізге құлақ түріңіз
 
Ең алдымен барлық маңызды мәселені 31 желтоқсанға дейін шешуге мән берген жөн. Құжаттарыңызды ақтарып, түгендеп шығыңыз. Жауап жазуды ұмытып кеткен хаттарыңыз, төленбеген түбіртектеріңіз бар шығар. Серіктестеріңіз бен клиенттеріңізден қолыңызға тимеген келісімшарттар, актілер мен басқа құжаттардың тізімін жасаңыз. Маңызды деген клиенттеріңізді, серіктестеріңізді, достарыңызды ұмытпай құттықтаңыз.
 
Жаңа жыл алдында үйді әбден жуып-тазалаған жөн. Ескі заттарды іріктеп, керегі жоғын тастау қажет. Бос уақытыңыз болса үйді Жаңа жылға сай сәндеуге назар аударыңыз.
 
Жаңа жылды қарсы алғаннан кейін мереке күндері істегіңіз келетін маңызды немесе қызықты істердің жоспарын жасаңыз. Мысал үшін туысқандарыңызбен, достарыңызбен, әріптестеріңізбен, таныстарыңызбен кездесу. Мәдени іс-шараларға барыңыз. Мереке кезінде жаңа көрмелер ашылып, жаңа қойылымдар қойылады.
 
Киноға барыңыз немесе сүйікті кітабыңызды оқыңыз. Бұрын бармаған жерлеріңізге барыңыз. Денсаулыққа да бір сәт көңіл бөлген жөн. Серуендеңіз, тауға шығыңыз, шаңғы, коньки тебіңіз.
 
Сондай-ақ мереке күндері алдағы айларда атқаратын істердің жоспарын жасаңыз. Жаңа міндеттер мен тапсырмаларды әзірлеңіз. Бұрын кейінге қалдырып келген ісіңізді еске түсіріңіз.
 
Дереккөз: www.kadrof.ru
нравится:    66
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии