21 Июль
04:08
Астана: 20 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 346.68
EUR/KZT: 404.02
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.15
Кербез
24 желтоқсан 10:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жаңа жылдық "Сағат" салаты


Қажетті заттар:

тауық еті - 450 г
жұмыртқа - 3 дана
ірімшік - 150 г
көк пияз - 1 орам
асбұршақ - 250 г
тұздалған қияр - 3 дана
майонез 
тұз, бұрыш
зәйтүн, сәбіз - әрлеу үшін

Дайындалуы:

Асбұршақтың суын төгіп, ыдысқа саламыз. 
Көк пиязды ұсақтап турап, асбұршаққа қосамыз.
Оған майдалап туралған ірімшік пен қияр қосамыз. 
Тауық етін тураймыз. Оны да ыдысымызға саламыз.
Жұмыртқаның ақуызы мен сарысын бөліп алып, сарысын ұсақтап тураймыз. Ыдысқа саламыз. Ақуызын әрлеу үшін алып қоямыз.
Салатқа майонез, тұз, бұрыш қосамыз. Араластырамыз. 
Дөңгелек ыдысқа салатты салып, сағат тәрізді пішін жасаймыз.
Ақуызды үккіштен өткізіп, салаттың бетіне себеміз. 
Зәйтүн мен сәбізден сандар мен сағат тілін жасаймыз. Салатымыздың бетін әрлейміз.

Астарыңыз дәмді болсын! 
нравится:    76
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии