21 Июль
04:09
Астана: 20 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 346.68
EUR/KZT: 404.02
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.15
Кербез
23 желтоқсан 09:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​"Жаңа жылдық шырша" салаты

Қажетті заттар:

банан - 350 г
мандарин - 200 г
киви - 350 г
йогурт - 170 г
бал - 10 г
күнжіт - 10 г

Дайындалуы:

Банандарды қабығынан тазалап, дөңгелекшелеп тураймыз. Шыршаға жұлдызша жасау үшін бір дөңгелекшені алып қоямыз.
Мандариндерді қабығынан тазалап, бөліктерге бөлеміз. 
Шұңыл ыдысқа йогурт құйып, бал қосамыз да, араластырамыз. 
Жалпақ ыдысқа кезектеп банан мен мандариндерді қоямыз. Жеміс пирамидасын жасаймыз.
Жемістерге ақырындап йогурт құямыз. Жан-жағына йогурт жағып шығамыз. 
Кивиді тазалап, дөңгелекше етіп тураймыз. 
Кивимен шыршамыздың бетін сәндеп жабамыз. 
Бананды күнжітке аунатып алып, тіс тазартқыш таяқамен шыршаның төбесіне бекітіп қоямыз. 
Жеміс шыршасына күнжіт себеміз. 

Астарыңыз дәмді болсын!
нравится:    58
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии