14 Декабрь
06:18
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Мәдениет
16 мамыр 11:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жанар Дұғалова «Bala Turkvizyion» байқауы қатысушысының арманын орындады


Кеше Республика сарайында өткен "Бала дауысы" бірінші ұлттық балалар ән байқауында кішкентай жұлдыз Назима Бейсанханның арманы орындалды, деп хабарлайды bastars.kz.
Өткен жылы "Bala Turkvizyion" байқауына қатысып, ерекше көзге түскен Назима бір сөзінде: "Арманым ­­- Жанар Дұғаловамен дуэт айту" деген болатын. "Бала дауысы" ұлттық ән байқауының салтанатты ашылу рәсімінде ол өзінің сүйікті әншісі Жанар Дұғаловамен "Құс жолы" әнін орындап, қалың көпшілікті ерекше күйге бөледі.
Жанар мен Назиманың дуэтін көрермен жақсы қабылдап, үлкен қошемет білдірді.
Сондай-ақ, "Бала дауысы" байқауының тәлімгерлері қай қалада іріктеу жүргізетіні анықталды. Байқау бастамашысы: Әлия Назарбаеваның "Жандану Әлемі" қоры.
 
нравится:    870
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии