|    |  
20 қазан 2019
16:23
қаз
Жаңажылдық «Ананас гүл шоғы» салаты
21 желтоқсан 2016, 16:30 36


Жаңа жыл қарсаңында сіздерге ананас пен тауық етінің үйлесімділігі ерекше дәм беретін салаттың рецебін ұсынамыз.

Ингредиенттер:

500 г тауық еті
3-4 пияз
4-5 жұмыртқа
400 г шампиньон
2 картоп
200 г ірімшік
1 банка консервіленген ананас
майонез

Дайындалуы:

Піскен тауық етін ұсақтап тұраймыз. Пиязды турап қант пен тұз салынған суық суға салып қоямыз. Ірімшік пен жұмыртқаны үккіштен өткіземіз. Дайын ингредиенттерді қабат-қабатымен үлкен ыдысқа әдемілеп саламыз. Салаттың бетін ананас пен анардың дәндерімен әшекелейміз.

Астарыңыз дәмді болсын!
 


Жаңалықтар