|    |  
26 мамыр 2019
16:15
қаз
Жаңғақ пен какао қосылған печенье
19 наурыз 2019, 10:00 78

 
Ингредиенттер:

250гр сары май
75 гр жылы сүт
1 жұмыртқа
1 ш.қ. разрыхлитель
1,5 стакан қант пудрасы
1 стакан майдаланған жаңғақ
ұн
2 ас қасық какао

Дайындау жолы:

1.Алдыменен жұмсартылған май мен 2 стакандай ұнды, қопсытқышты қосып араластырыңыз.
2.Содан кейін қалған заттарды кезек- кезегімен қосыңыз. Қант пудрасы + сүт + жұмыртқа + какао.
3.Қамыр әлі де қолыңызға жабысып тұрса аздап крахмал қосыңыз. Ең сонында майдаланған жаңғақтарды қосыңыз (жаңғақтын әр түрлісі жарай береді).
4.Қамырды қалаған қалындықта созыңыз: ұзынша оқтау формасын алу керек.
5.Енді арнайы “пленкаға” немесе пластикалық пакетке орап, тоңазытқышқа кем дегенде 1 сағатқа қойыңыз. Печеньелерді 170С ыстық духовкада 20-25 минуттай пісіріңіз.
6.Печеньелер піскенше үстіне жағылатын шоколадты ерітіңіз. Дайын печеньелердің үстіне шоколад жағып (қалаған сурет салып не болмаса бір тамшы шоколад тамып қана), шоколадтың қатаюы үшін 5 минутқа тоңызытқышқа қойып қойыңыз.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар