17 Август
19:38
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Кербез
11 маусым 16:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жаңғақ пен мейіз қосылған рогалик


Сізге мына  заттар қажет болады:

Ақ қант — 2 а.қ.
Грек жаңғағы — 1 стақан
Мейіз — 1/2 стақан
Дәм қабық — 4 ш. қ.
Қоңыр қант — 1/2 стақан
Крем-ірімшік — 250 г
Ұн — 2 стақан
Сары май — 250 г
Тұз — 1/4 а. қ.
Жұмыртқа сарысы — 1 дана.

Дайындау тәсілдері:

1. Сонымен ұнға тұзды қосып араластырамыз.



2. Оған сары май, крем-ірімшікті, жұмыртқа сарысын қосамыз.



3. Қамырымыз мынадай сүзбе қоспасындай күйге енгене дейін араластырамыз.



4. Сосын қолмен ұнды илейміз.

5. Тығыздалған қамырды 4 бөлікке бөліп, оны 2 сағатқа немес түні бойы тоңазытқышқа салып қоямыз.
Енді оның ішіндегі салындысын дайындаймыз: қант мейіз, дәм қабық, жаңғақты  миксере саламыз.






6. Оларды барынша ұсақтаймыз. Енді дайын тұрған қамырымызды алып шамамен 3 миллиметр қалыңдықта жазамыз. Оған дайындалған жаңғақ пен мейіз салындысын тегіс етіп жағамыз.



7. Қамырдан пицца бөлігі формасындай  етіп кішірек етіп кесіп алып, оны рогалик сияқты ораймыз. Сосын оны 180 градуста қыздырылған духавкіге салып шамамен 25-30 минут пісіреміз.






 
Асыңыз дәмді болсын!
нравится:    2657
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии