18 Июль
01:11
Астана: 16 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 343.06
EUR/KZT: 402.38
RUB/KZT: 5.49
CNY/KZT: 51.34
Спорт
19 сәуір 10:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа ауысты
Әуесқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы спортшының өзі желідегі парақшасында жазды.


 
«Кәсіпқой боксқа біржолата ауысқанымды естіп, ақ тілегін айтып жатқан барлық жанкүйерге алғыс айтқым келеді. Қолдауларыңызға рақмет. Бұйыртса, бірге биік белес бағындырамыз!»-дейді былғары қолғап шебері.

Өз кезегінде Ермахан Ибраимов боксшының бұл шешімін қолдап, пікір білдірген. «Кәсіпқой босқа кейбір боксшылар Ұлттық құрамадағы бәсекелестікке төтеп бере алмағандықтан ауысып жатыр. Бірақ Жәнібек құрама сапындағы ең үздік боксшының бірі болды. Енді Әлімханұлы кәсіпқой бокста да жатпай-тұрмай тер төксе, кәсіпқой бокстың жарқын жұлдызына айналып, бағындармаған белестері қалмайды. Өйткені оның техникасы да, физикалық күш-қуаты да өте мықты. Жәнібек кәсіпқой бокста нағыз панчердің бірі болары сөзсіз», – дейді Ермахан Ибраимов.
 
Спортшының жаңалығын бөліскен желі қолданушылары да оның бұл шешімін қолдап, сәттілік тілеп жатыр.
 

Дереккөз: Reactor
нравится:    44
Теги: Біздің мақтанышымыз, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии